ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

18:30, 7 қазан 2019

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына қатысты кеңейтілген отырыс өтті. Аймақ басшысы жиын барысында «Ақмола адалдық алаңы» жобасының аясында жасалып жатқан жұмысты одан әрі жандандыруды, сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық мемлекеттік органның міндеті екенін атап өтті. Жобаның алғашқы қорытындылары қандай? Бүгінде жобалық кеңсенің жұмысы тиімділігін қаншалықты көрсетіп отыр? Әріптесім Айжан Ақтаева тарқатады.  

Аталған жоба үш міндетті шешуге бағытталып отыр. Соның ішінде жиында өңірдегі мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін open space форматында қызмет ететін әкімдіктер жұмысы қаралды. Облыс көлемінде аудандық және қалалық әкімдіктер, мемлекеттік мекеме басшыларын бірінші қабатқа көшіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде облыс бойынша 22 басқарманың 17-сінің басшылары төменгі қабатқа ауысқан. Сондай-ақ, жобаның жұмысы тоқсан сайын облыс деңгейінде қаралып, жоспары көпшілік талқыға салынып отыратындығы айтылды.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі таңда «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін күн сайын ұйымдастыру іс-шараларының желілік кестесі әзірленіп, жүзеге асуда. Осылайша, облыс бойынша 277 «Адалдық дүкені» ашылып, жұмыс жасауда. Мемлекеттік мекемелер ашық кеңістік технологиясы форматына өтуде. Бүгінде бізде осындай 33 мемлекеттік мекеме бар. Олардың қатарында Бурабай, Ақкөл, Астрахан, Қорғалжын, Целиноград аудандарының әкімшіліктері бар.

 Жиында жобалық кеңсенің жетекшісі Самира Тәйтенова жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Айта кетейік, бүгінде өңірде 40 фронт-кеңсе ашылып, тұрғындармен жүйелі жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Олардың ішінде студенттік жатақханаларға мониторинг, облыс бойынша автомобиль жолдарына бақылау жүргізіліп, әлеуметтік желіде тұрғындар ұсыныстарын тыңдау сынды жұмыстар өз жалғасын табуда. Мәселен, жоба аясында бүгінге дейін өңірде 277 «Адалдық дүкені» ашылды. Жыл соңына дейін оқу орындарында тағы 104 дүкен ашу жоспарлануда.

САМИРА ТӘЙТЕНОВА, «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жобаның қызметі – неғұрлым әлеуметтік маңызды салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға, сондай-ақ халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған. Ағымдағы жылдың басынан бастап жобалық кеңсе жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, тікелей жобалық кеңсенің бірлескен кураторларымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға, анықтауға және жоюға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе облыс әкімі Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында мемлекеттік органдар мен басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін барлық маңызды мәселелерді «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде шешуді, тұрғындардың сұрақтары мен арыз-шағымдарына уақытымен жауап берілуін қадағалауды тапсырды.

АЙЖАН АҚТАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...