ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

19:37, 16 сәуір 2018

РКС: «AGCO» агроөнеркәсіп саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі. Ол ауылшаруашылығына қажетті техникадан бастап, тікелей өнім шығару кезеңіне дейінгі барлық сатыларда өз қызметін ұсына алады. Компанияның Қазақстан нарығындағы басым бағыттарының бірі - Челленджер ауылшаруашылығы тракторлары мен комбайндарын құрастыру, сонымен қатар, құс, сүт, ет өндіру фермаларын қажетті құрылғылармен жабдықтау.  Компания протейнді өндіріс, яғни, азық-түлік өндіруге де басымдық беріп отыр. Өңірде жүзеге асырылады деп күтілген жобалардың алғашқысы Қорғалжын ауданындағы балық өсіру фермасы болмақ. Жобаның жалпы құны 5,3 млн. еуро.

СНХ: КАРЕЛ ЛИКАР, «AGCO» АГРОКОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ /// (аударма) Біздің компания ауылшаруашылығы өндірісіндегі әлемдік жетекші ұйымдардың қатарында, тіпті, ең үздігі деп айтуға болатын шығар. Біз әрқашан жаңа нарық іздейміз және өз өнімімізді ұсынуға әзірміз. Компания Қазақстанда көптен бері қызмет атқарып келеді. Қазақстанның Ресей мен Қытай нарығына жақын орналасуы аса тиімді. Біз қазір азық-түлік өндірісіне басымдық беріп отырмыз. Бізді, әсіресе сүт, ет және астық өндірісі қызықтырады. Бұл бағытта AGCO (агко) компаниясының бір бөлімі GSI (джиесай) компаниясы инвестициялық жобаларды жүзеге асырады деп күтілуде.

РКС: Бұдан бөлек, компания Ақмола облысында шошқа етін өндіретін кешен құрылысын да қолға алуға ниетті. Нысан өнімі негізінен экспортқа бағытталмақ. Америкалық компания ақмоланың астықты өңір екенін ескеріп, заманауи қамба құрлысы  бағытында әріптестік орнатуға ниетті екенін танытты. Кездесуде сүт кластері де назардан тыс қалған жоқ. Облыс басшылығы инвесторларға бұл бағытта ақмолалық сүт өндірушілердің толық қуаттылығына жұмыс жасай алмай отырғандығын айтып, өзара тиімді әріптестік ұсынды.

Ауғанбек Манарбекұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
20:17, 20 сәуір 2018
АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...