ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ГАЗ ТАПШЫ

19:22, 14 қазан 2020

ДК: Ақмола облысында газ тапшы. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың наразылығын тудыруда. Жанармай бекеттеріндегі ұзын-сонар кезектен де көз сүрінеді. Көгілдір отынның уақытылы жетпеуіне не себеп? Түйіткілді түйінді әріптесім Абзал Азаматұлы тарқатады.

РКС: Бағлан Әміржановтың тұрмыстық газ құя алмай жүргеніне бірнеше күн болған. Газ баллонын арқалап бірқатар газ бекеттерін аралаған. Десе де нәтиже жоқ. Бүгінгі күннің өзінде 10 аса газ бекетіне барғанын айтады.

СНХ:  БАҒЛАН ӘМІРЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//қаз/// Жайлау микрарайонынан бастап осы жерге дейін 10-шы заправка. Газ жоқ. Міне дәл қасында ТНК деген газ заправка тұр. Онда да газ жоқ.  Кешкі түнге дейін болған 57 теңгеден. Қазір барсам жоқ. Ал, бұл жерден 80 теңгеден алып жатырмын.

РКС: Иә, тағы бір өзекте мәселе газ бағасы. Соңғы екі аптаның ішінде көгілдір отынның бағасы күрт өскен. Бұл әсіресе газбен жүретін темір тұлпар тізгіндергендердің қалтасын қағуда.

СНХ: САНАТ БЕГЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ//қаз/// Екі жұма болды газбен қиындық болып жатыр. Кей жерлерде мүлдем қымбат. Қай жерден құярымызды білмей жүрміз. Ал, газ бар заправкаларда барып, сағаттап тұрамыз. Қиын болып кетті.

РКС: Қаладағы кей жанармайларда газ мүлдем жоқ. Бекет қызметкерлері көліктерді кері қайтарып жатыр. Ал, талоны бар тұтынушыларға газ саудаланады. Бірақ, сағаттап кезекте тұруға мәжбүр.

СНХ: ТАЛҒАТ ӘЛІБАЕВ, ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ//қаз// Біз қазір жеңіл автокөліктерге талонмен ғана құямыз. Ол талон дегеніміз алдын-ала ақшасын төлеп қойған. Сондықтан біз оны құймауға қақымыз жоқ. Ал, тұрмыстық жағдайдағы баллондарға құйып тұрмыз. Газгольдерге де құямыз. Астық кептіретін бекеттерге де жібереміз. Себебі астық бүлініп кетуі мүмкін. Газ келіп жатқан жоқ.

РКС: Газ құю бекетінің қызметкерлері осылайша дабыл қағуда. Егер мәселе уақытында шешімін таппаса, жағдай одан әрі ушығуы мүмкін. Осы ретте  жауапты мекеме мамандары бар кінәні жөндеу жұмыстарына жабуда.

СНХ: ЖАСҚАЙРАТ САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ //аударма/// Газ тапшылығының бірінші себебі өңірде газ өндіріс көлемінің азаюы. Сондай-ақ, зауыттардағы жөндеу жұмыстары. Нысандардағы  жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталып, әлі де жалғасуда. Ол жұмыстың қашан аяқталатыны бізге белгісіз. Ойымызша осы айдың соңына дейін жалғасады.

РКС: Осылайша, мәселенің қашан шешілетіні әлі белгісіз. Себебі көгілдір отынның қашан қалыпқа келетінінен жауапты мамандар да хабарсыз. Айта кету керек, облыс орталығында 23 газ құю бекеті бар. Бүгінде соның санаулысында ғана газ бар. Жергілікті тұрғындар болса жақын күндері жағдайдың оңалатынынан үмітті.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...