ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

Ақмола обылысының әкімі М.Мырзалинның маслихат депуттары алдынағы есебі

20:20, 14 қыркүйек 2018

РКС: Ақмола облысы мәслихаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ қоғамдық ұйым өкілдері облыс әкімінің есебін оң қабылдады. Өңір экономикасында өсім бар. Соңғы екі жылда облыс бюджетіндегі әлеуметтік, инфрақұрылымдық салаларға бағытталған қаржы көлемі 2 есеге жуық артып, 38 млрд. теңгені құрап отыр. Өңір экономикасына 166 млрд. Инвестиция тартылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9,4 пайызға артық. 

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /// Былтыр Елбасы Қазақстанның үшінші модернизациясын жариялады. Бұл ел экономикасын өрістетудің жаңа моделі. Қазір өңір өнеркәсібін цифрландыруға көп көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта 2018-2019 жылдарға арналған жоспар жүзеге асырылуда. Өңір экономикасы өсімінің драйверіне айналатын жалпы құны 74 млрд. Теңгеге 30 жоба қолға алынған, олардың ішінде 7 жоба индустрияландыру картасына енеді.

РКС: Жаңа технологияларды игеруге  ақмолалық 20 кәсіпорын 40 млрд. Теңгеден аса қаржы жұмсап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. 8 айда азық-түлік өндірісі 111 пайызды құрап отыр. Бұл Астананың азық-түлік белдеуін қамтуда өңір оң нәтижеге қол жеткізіп отырғанын танытады. Бұландыдағы құс фабрикасы іске қосылса, елімізге шеттен келетін импорттың 30 пайызын Ақмола облысы толық жабады. Шағын және орта бизнеске 4 млд.тан астам қаржы бөлініп, 800-ге тарта тұрғын жеңілдетілген несие арқылы өз ісін бастаған. Ауыл шаруашылығы саласында суармалы жерлер көлемі жеті есеге артқан, майлы дақылдар егістік алқабы 150 мың гектарға жетіп отыр.

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ /// Егер өзге солтүстік өңірлер бидай мен арпа егістігі көлемін едәуір азайтып отырса, біздің облыста бұл дақылдай бұрынғы көлемінде егіліп келеді. Сонымен қатар, басымдық беріліп отырған майлы дақылдардың, суармалы егістік алқаптарының өсуіне де қол жеткізіп отырмыз. Мемлекеттік қолдаудың шарапатымен Ақмолалық аграрийлер жоғары сұрыпты тұқым сорттарын егуде. Минералды тыңайтқыштар қолданысы екі есеге жуық артты. 2018 жылы бұл бағытта үлкен серпін жасадық.

РКС: Тұрғын үй-шаруашылығы саласына да көп көңіл бөлініп отыр. Алдағы жылы 31 көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынады. Бүгінде жалдамалы пәтер құрылысы үш есеге артып 14 көпқабатты үй осы мақсатқа берілмек. Елбасының «7-20-25» сбағдарламасы бойынша 94 отбасы пәтер алып үлгерген. Облыс әкімі бұл республика бойынша 3-ші орын болса да, бағдарлама  әлдеқайда ауқымды жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты. Көкшетау тұрғындары көптен күткен сүйіншілі жаңалық – облыс орталығыныда жылу электр станциясы салынатын болады.  Құны 248 млд. теңге болатын алып нысанды жобалау жүргізілуде. 2019 жылы «Сарыарқа» газ құбыр желісі тартылып, 130 мың ақмолалық көгілдір отырды пайдаланатын болады.  Жол құрылысы да назардан тыс қалмайды. Облыс әкімі жергілікті маңызы бар жолдардың жөнделуіне көңіл бөліп отыр. Аудандар мен ауылдарды жалғаған 426 шақырым жөндеуден өткен. Облыс әкімінің есебін өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңес өкілдері де оң бағалап отыр.

СНХ:БАҒДАТ ЖАНӘДІЛОВ, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

РКС: Кездесуде айтылған келелі мәселелердің қатарында әлеуметтік салаладағы жетістіктерді тізбектеуге болады. Өткен 8 айда 8,4 млрд. Теңгеге 30 әлеуметтік нысан бой көтерген. Бұл бағытта мемлекеттіке жекеменшік әріптестік 4 млрд.тан астам қаржы жұмылдырған. Елбасы бастамалары аясында 11 жатақхана бой түзейді. Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында 1,4 млд. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Облыс басшысы оң көрсеткіштердің арасынан іс сылбыр жүріп жатқан салаларды атап көрсетті. Жыл соңына дейін  бұл салалардағы қызметті ширату тиісті мекеме мен аудан басшыларына қатаң тапсырылатынын да айтып өтті. Жиын соңында облыстық мәслихат депутаттары өңір басшысының қызметін жоғары бағалап отыр.

Ауғанбек Манарбекұлы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:58, 20 қараша 2018
ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
18:58, 20 қараша 2018
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
Толығырақ...
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
18:58, 20 қараша 2018
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕШЕНДІК ӨНЕР  ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
18:28, 15 қараша 2018
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
18:28, 15 қараша 2018
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
Толығырақ...