ШҰҒЫЛ! ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ Толығырақ

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ

19:22, 26 наурыз 2020

 

Диктор кадрда: 22 наурыздан бастап Елордаға кіріп шығуға тыйым салынды. Ол жерлерде ақмолалық полицейлер мен санитарлық дәрігерлер  қауіпсіздік шараларын қадағалауда. Нұрсұлтан қаласы маңындағы 15 блок-бекеттерде еңбек етіп жатқан құқық қорғау саласы қызметкерлері мен ақ халаттылардың жұмысы туралы келесі материалда.

РКС: Ақмола облысының үш санитарлық дәрігері мен 12 фельдшерін 15 сәуірге дейін Елорда маңындағы блок-бекеттерде жұмыс істеуге жіберген. Ақмолалық мамандардан құралған медициналық топқа санитарлық дәрігер Балғаным Балқанова жетекшілік етуде. Ақ халаттылар бекеттерде күндіз-түні кезекшілік етуде, әр ауысым 8 сағаттан. 20 наурыздан қызметке кіріскен мамандардың басты мақсаты коронавирустың таралуын тоқтату.

СНХ: СУЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫлок-бекеттерде 15 санитарлық дәрігер қызмет етуде. Бұл міндетті санитарлық қызмет мамандары атқаруда. Олар күндіз-түні тынымсыз еңбектенуде. Олар үшін тамақтану, тұратын жер мен өзге де жағдайлар жасалған./

РКС: Мақсат Жаманбаев 2009-шы жылдан бері полиция қызметінде еңбек етуде. Ішкі істер министрлігіне қарасты училищені тәмамдап, қызметке орналасқан. 2011-ші жылдан бері облыстық полиция департаментінде  еңбектенуде. Бүгінде 3 баланың әкесі. Ол өңірдегі барлық блок-бекеттердің жұмысына жауапты. 

СНХ: МАҚСАТ ЖАМАНБАЕВ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ РОТАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ /Блок-бекеттер 22 наурыздан бері Астанадан 30 шақырым радиустарда жұмыс істеп тұр. Біз арнайы рұқсаты бар көлік иелерін ғана өткіземіз.

РКС:  Құқық қорғаушылар сауда жүйелері мен азық-түлік дүкендерінің үзіліссіз  жұмыс істеп тұруын да қадағалауда.  

Ест.шум.  

СНХ: ГҮЛНӘР ПИНЧУК, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /Пост-бекеттерде 100-ден аса полиция қызметкерлері еңбек етуде. Олар көлік жүргізушілеріне карантин режиміндегі талаптарды түсіндіруде. Полицейлер Елордаға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдайтын көліктерді бақылап, өткізуде.  /

РКС: Бұл уақытша іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігі мен қауіпті вирустың өзге қалалар мен елдімекендеріне таралмауын қамтамасыз етеді. Естеріңізге сала кетейік, елімізде төтенше жағдай 16-шы наурыздан 15 сәуір аралығына жарияланған.   

М.АЙБАБИНА, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
20:35, 27 наурыз 2020
ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
19:22, 26 наурыз 2020
АҚМОЛАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСУДЕ
Толығырақ...
 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
17:36, 27 наурыз 2020
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...