ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

19:31, 26 маусым 2020

Ж: Бейсен Құранбек атындағы жүлде иегерлері белгілі болды. БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында «Жігердің» жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі иелерін тапты.

ШУМ:

ЗКТ: Төртінші билікті тізгіндегендердің белгілі топқа қана емес, жалпы ғаламға ықпалы ерек. Олар қоғамдық сананы қалыптастырады, мемлекеттік иделогияны насихаттап жүр. Еңбегімен ерекшеленген бірқатар журналист бүгін «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Арасында ұлттық арнаның анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкенова да бар.

ШУМ:

СНХ:  АИДА БАЛАЕВА ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Журналистер – қоғамның жанашыры. Қоғам тіршілігіндегі қылт еткен қиындықтарда бірінші болып үн қататын, тығырықтан шығар жол іздейтін де журналистер қауымы. Өзімнің және министрлік ұжымымның атынан барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймын. Расында да журналистика шығармашылық өрісті ғана емес, кәсіби өршілдік пен аса терең мәдениеттілікті, жан-жақты білімділік пен ішкі тәрбиелікті қатар талап ететін мамандық.

ЗКТ: Журналистердің жігерін жанитын тағы бір марапат қосылды биыл. Оның орны бөлек. Салмағы де ауыр. Себебі, қазақ журналистикасының ақтаңгері Бейсен Құранбек атындағы жүлде. «Жігер» сыйлығының алғашқы иегерлері марапатталды. 

СНХ:  АҚЖЕЛЕҢ РАХАТДИНҚЫЗЫ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:  13.06. Бейсен аға бізге үздік өмір сүрдің үлгісін көрсетіп кетті. +13.25. Бейсен Құранбектің шәкірті деген атты алып үру үлкен жауапкершілік. Бұл сыйлықтың да жауапкершілігі ауыр деп ойлаймын.

ЗКТ: Отандық журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген жалпы 55 қызметкер төсбелгі тақты. Осы күні Журналистерге арналған жаңа ән таныстырылды. АН ҚҰА

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...