ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

АҚША АЙЫРБАСТАУДЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ

19:06, 20 қаңтар 2020

1 ақпаннан бастап валюта айырбастау пунктері жаңа ереже бойынша қызмет атқарады. Валюта айырбастау ісіне қойылар жаңа талаптар қаржы айналымын жүйелеп, үздіксіз қызметті қамтамасыз етуді көздейді. Саладағы тың өзгерістерді талдаған әріптестерімнің сауалына Ұлттық банктің Ақмола облыстық филиалы өкілдері жауап берді.

Жаңа ережелерге сәйкес 1 ақпаннан бастап валюта айырбастау нүктелері таңғы 9:00-ден кешкі 20:00 аралығында қызмет атқаратын болады. Аэропорттар, теміржол вокзалдары мен шекаралық аймақтардағы автокөлік өткізу бекеттерінде орналасқан айырбас пункттерінің жұмыс уақыты шектелмейді. Олар тәулік бойы қызмет атқарады. Сондай-ақ, ірі сауда орталықтарындағы ақша айырбастау мүмкіндігі 9дан кешкі 22:00-ге дейін сақталады. Жаңа ережелер тікелей валюта айырбастау операцияларының өзіне де жаңа талаптар қойып отыр.

САНДУҒАШ ӘБІЛМӘЖИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫНЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жаңа ереже бойынша қаржылық операция жүзеге асырылған сәттегі бағам бойынша  500 мың теңгеге дейінгі қаражатын айырбасатаған тұтынушылар туралы ақпаратты сақтау талабы енгізіліп отыр.  Бұрын мұндай талап тек аталған межеден жоғары суммаға ғана қойылатын еді. Бұдан былай азаматтар айырбас пунктерінде жеке куәлікатерін көрсетіп, арнайы тіркеуге алынатын болады.

Сонымен қатар, елорда мен облыс орталықтарында, республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан валюта айырбастау пунктерінің жарғылық капиталы 100 млн. теңгеден кем болмауы тиіс. Өзге аумақтарда орналасқан кәсіпкерлік нысандары үшін бұл көрсеткіш 50 млн. теңгені құрайды.  

САНДУҒАШ ӘБІЛМӘЖИНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ БАНК ФИЛИАЛЫНЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бұл жаңалықтар кезең-кезеңімен қолданысқа енгізіледі. Нұр-Султан қаласы мен республикалық маңызы бар шаһарларда орналасқан валюта айырбастау пунктерінің жарғылық капиталы 1 сәуірге дейін толтырылуы тиіс. Облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 шілдеге дейін уақыт берілсе, өзге аумақтарда орналасқан қаржы нарығының субьектілері 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін жарғылық капитал қорын толықтыруы тиіс.

Бұған дейін айырбас пунктері жарғылық капиталдың 20 пайызы мөлшерінде қосымша қаржыға ие болуы тиіс еді. Қазір бұл талап алынып тасталды, яғни жарғылық капиталдың өзі жеткілікті. Оны банк есепшотында, кассада немесе алтын құймаларымен сақтауға рұқсат етіледі. Бұл ережелер айырбас пунктінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін қажет.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...