ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

«АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

18:20, 12 қазан 2017

Жыл сайын халықаралық стандарттау ұйымына кіретін барлық елдер Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Жалпы стандарттау ел экономикасының дамуына зор үлесін қосып қана қоймай, Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасын көтеру, ресурстарды тиімді пайдалану, саудада техникалық кедергілерді азайтуға септігін тигізетіні анық. Стандарттау күні жылда белгілі бір ұранмен атап өтіледі.

Стандарттау күнін атап өтуге негізделген шара барысында осы салада еңбек етіп жүрген білікті мамандар Қазақстандағы стандарттаудың дамуы, оның экономикадағы рөліне қатысты баяндамаларын оқып, «Ақылды қала» жобасын іске асыруға қатысты маңызды ақпарат берді. Қазіргі таңда Қазақстанда стандарттардың толыққанды базасын қалыптастыру үшін стандарттау бойынша көптеген халықаралық органдармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Әзірге «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруда белсенділік танытып келе жатқан қалалар Алматы, Астана және Шымкент болып отыр. Жиын барысында талқыланған мәселелердің тағы бірі жергілікті кәсіпорындардың стандарттарды қолдануына қатысты болды.   

Шара соңында техникалық реттеу және метрология комитеті басшысының атынан осы салада еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер мен кәсіпорын басшыларына алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында өңірдегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындар «Тыныс», «Гормолзавод» серіктестіктері де бар.  

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...