ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

«АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯ» - АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

14:06, 13 наурыз 2018

Ақмола облысы бойынша қазір  ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін субъектілердің саны 5 мыңнан асып жығылады. Олардың басым бөлігі егін егумен айналысады, мал өсіруді қолға алған шаруалардың  қатары 1000 құрайды.  Ал, өнімділікке келетін болсақ, бір ғана өткен жылдың өзінде біздің өңірде 5 миллион тоннадан аса астық,  61 мың тонна ет, 383 мың тонна сүт өндірілген. Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес ендігі жерде экспорт көлемін арттыруға да ерекше мән берілмек. 

Жолдауды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстардың бірі - шаруашылықтарды кооперациялауға негізделіп отыр. Былтырғы жылдың өзінде облыста ауыл шауашылығында 93 кооператив құрылған. Оның 46-сы сүт бағытында болса, 47-сі ет бағытында. Кооператив жұмысына тартылған адамдардың саны болса, 9 мыңды құрайды, биыл олардың санын 25 мыңға дейін арттыру көзделіп отыр.

 Айта кету керек, биылғы жылы облыс бойынша жаңадан тағы 28 кооперация құрылмақ.  Әрі олардың көпшілігі сүт өндіру ісін ілгерілетуге үлес қоспақ. Сонымен қатар, аталған ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы биыл 750 тонна ет, 24 мың тоннадан артық сүт өндіру жоспарлануда.

Ә. Қаматайқызы

 

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...