ШҰҒЫЛ! САНИТАРЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ОРНЫ ӨЗГЕРДІ Толығырақ

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

19:16, 23 қазан 2020

ДИКТОР: «Түсіме тау кіреді», «Уақыт белдеуі», «Уақыт шеңбері» кітаптарының авторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі  республикалық, облыстық ақындар мүшәйрасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Ерболат Баятұлының есімі жырсүйер оқырманға жақсы таныс. Облыстық кітапханада ақынның шығармашылық кеші өтті.

РКС: Белгілі журналист, ақын Ерболат Баятұлының шығармашылық кешінде ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, жырдан шашу шашылды. Кешке өңірдің зиялы қауым өкілдерімен бірге, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы, «Халық қазынасы» бөлімінің солисті Құрманбек Қалқатай да арнайы келіп, әнін тарту етті.

СНХ: ҚУАНЫШ ЕРҒАЛИҰЛЫ, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///қаз///00:08 Негізі, бұдан да кең аудиторияда, бұдан да кең ауқымда жоспарланған дүние еді ол. Бірақ, өкінішке орай қазіргі жағдайда барлығы біледі, түсінеді. Сондықтан, кішкене енді аз ғана адаммен шектеліп отырмыз 00:30

РКС: Сондай ақ, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актерлері келіп, ақынның «Маңыздырақ», «Күз өтеді» өлеңдерін оқып, кештің сәнін кіргізді.   

РКС: Жақында «Көкшетау қаламгерлері» сериясы бойынша басылып шыққан 6 жинақтың бірі Ерболат Баятұлының «Уақыт шеңбері». Кітап соңғы бір жарым жылда жазылған 140-қа жуық өлеңнен тұрады.

СНХ: ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫ, АҚЫН ///қаз/// 01:09 Енді, қуаныштымыз әрине, мынау қалам ұстаған ақын мен жазушының ең бір мақсаты, жаңағы айтып отырған қуанышы, көңілдегі жарқыраған бір сәті ол жазған дүниесінің жарық көріп, оқырманға жол тартуы 01:26 + 09:35 Енді сол менің шығармамды, жаңағы кітабымды оқығанда, әсіресе сол өлеңнің концовка дейді ғой, түйінінде барлығы айтылады. Жалпы, содан бір өздері жанына қуат алса, жүрегіне жылылық алса, санасына сәуле алса мен ризамын 09:49

РКС: Кітапты шығаруға облыс басшылығы қолдау білдірген. «Осындай дүниелердің жарық көруі кейінгі толқынды үміттендіреді, олардың талабын ұштайды»,-дейді ақын.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19:  ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:11, 3 желтоқсан 2020
COVID-19: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
14:10, 30 қараша 2020
БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
Толығырақ...
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
15:37, 30 қараша 2020
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбын...
Толығырақ...