ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ! Толығырақ

АЛАДОП АЛАМАНЫНДА АРДЕГЕРЛЕР

14:20, 13 тамыз 2019

ДК: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  Ақмола аумақтық инспекциясының қызметкерлері жұмыс күндерін таңғы жаттығулардан бастап, жұмасына үш рет спорт залдарында футбол, волейбол өзге де спорт түрлерімен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанады. Өткен демалыс күндері мемлекеттік қызметшілер Зерендіде шағын футболдан финалдық кездесулер өткізді.

РКС: Ақтық сынға ақтық ойындарда қарсыластарынан озық шыққан шағын футбол командалары кездесті. Олар облысымыздың әр аумағынан іріктелінген спортшылар болатын. Доп тебудің қыры мен сырын жақсы меңгерген азаматтардың жас мөлшері де әр түрлі. Соған қарамастан, жүлдеден үмітті командалар ширақ ойнап, әріптестері алдында жасындай жарқырады.

СНХ: СҰЛТАН ҚАСЕНОВ, АШМ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ Күні ұзақ кеңседе отыратын қызметкерлеріміз жұмыс күнін таңертеңгі жаттығудан бастайды. Бұл үрдіс сергектікке, жауапкершілікке жетелеп жүр. Бүгін Зерендіде әр аумаққа бөлінген жүлдегер командалар мекемеміздің ауыспалы кубогын жеңіп алу жолында ақтық ойындар өткізді. Әр команданың жеңіске деген ынта-жігері қуантады. Жалпы, спорттың өзге түрлерінен де кестеге сай жарыстар өткізіп тұрамыз.

РКС: Бұрынғы танымал боксшы, Бурабай аудандық инспекциясының жетекшісі шағын футбол ойнап жатқан әріптестеріне жеңіс тіледі.

СНХ: САЙРАН МАҒЗҰМОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Біздің ұжымда қызмет ететін жандар салауатты өмір салтын нық ұстанады. Басшымыздан бастап, барлық қызметкерлер спорт үйірмелеріне қатысады. Әсіресе, спорттық ойын түрлері мықтап дамыған.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР

РКС: Бірінші, екінші орындарға Шортанды, Біржан сал, Целиноград, Астрахан, Ақкөл, Қорғалжын аудандарының командалары таласты. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап, қарсыластар қақпасына қауіп төндірген «Тенгиз» командасы қарқынды үдете түсті. Нәтижесінде, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫР ҚҰЛАТАЙ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
18:31, 16 тамыз 2019
САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
18:28, 16 тамыз 2019
ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ САУДА АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
18:22, 16 тамыз 2019
ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ 425 КГ ӘР ТҮРЛІ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ -  ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
15:27, 12 тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ - ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІК МЕРЕКЕСІ!
Толығырақ...
ZHAS PROJECT.  ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
15:27, 15 тамыз 2019
ZHAS PROJECT. ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...