ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

АЛАҢҒА АРДАГЕРЛЕР ШЫҚТЫ!

17:32, 12 ақпан 2020

Биыл 15-ші ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына тура 31 жыл толады. Аймақта зұлматты жылдарды еске алуға арналған ауқымды іс-шаралардың легі басталып та кетті. Ауған соғысы ардагерлері мен ішкі істер саласының қызметкерлері арасында волейбол, үстел теннисі және шахматтан сайыс ұйымдастырылды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің ұйымдастыруымен басталған дүбірлі дода жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуді көздейді. Волейбол, үстел теннисі және шахматтан спортық алаңға жиналған ардагерлердің жеңіске деген күш-жігері мен әл-ауқаты зор екендігі анық байқалады. Соғыс жүрегіне өшпес жара салған азаматтарға құрмет көрсету - ұрпақ алдындағы қасиетті парыз. Ардагерлер жастарды отансүйгітікке баулитын бірден-бір өмір мектебі. Қазіргі таңда аймақта 768 ауған соғының ардагері бар. Олардың 191-і облыс орталығы Көкшетау қаласында тұрады. Уақыт сынаптай сырғып, ардагерлердің қатары сирегенімен олардың ерлігі  ешқашан ұмытылмайды.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Көкшетаудың өзінде 2014-ші жылы 235 адам болатын болса, бүгінгі күні міне, 190-дай ғана адам қалды, мына біздің Ауған соғысының ардагерлері. Сондықтан да біздің істеп жатқан жұмыстарымыз бұл жастарды тәрбиелеу. Қазақстанның еліміздің болашағына тәрбие беру.    

Тартысқа толы өткен сайыста спорттың үш түрі бойынша Көкшетау қалалық полиция басқармасының ардагерлері үшінші орынға тұрақтады. Ал екінші орында облыстық полиция департаменті аппаратының ардагерлері, ал бас жүлдені Бурабай ауданынан келген ардагерлер құрамасы жеңіп алды.   Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.    

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТЫ БОЙЫНША «КӨКШЕ-АҚПАРАТҚА» ДАЙЫНДАҒАН ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ  ҚЫЛМЫС   АЗАЙМАЙ ОТЫР
21:17, 28 мамыр 2020
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...