ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ

19:49, 18 қазан 2019

Ақмола  облысындағы  атмосфералық  ауа  райын  бақылау  8 станцияда жүреді. Одан бөлек  «Қазгидромет» кәсіпорнының  облыстық  филиалы  қыркүйекте 13 су нысанындағы су бетінің сапасына мониторинг жүргізді. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Алдағы  аптада ауа райы құбылмалы болмақ. Жақын күндері облыс аумағында  салқын және тұрақсыз ауа  райы  сақталады.  Сондай-ақ  қар және жаңбыр жауады деп күтілуде. Желдің  күшеюі 15-20    м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман және көктайғақ күтілуде. Еске  сала  кетейік,  облыс  орталығында атмосфералық ауа сапасын бақылайтын 2 станция бар. Бірі қолдың көмегімен орындалса, екіншісі автоматтандырылған.

РАДМИЛА ӘЛИЕВА,  «ҚАЗГИДРОМЕТ»  КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ  СЫНАҚ  ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Қыркүйек айындағы Көкшетаудың атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғары. Азот оксиді  бойынша концентрациясы  2  мәрте өскен. Басқа ластаушы заттар белгіленген нормадан аспаған.

Айта кетейік, ластану деңгейі жоғары аймақ – Атбасар. Ал бұл көрсеткіш Степногорск пен Щучинск-Бурабай курортты аймағында төмен деңгейде. Сондай-ақ Қазгидромет облыстағы  өзен мен көлдегі су бетінің сапасына  мониторинг жүргізді.

АЙНАГУЛЬ НҰРМҰХАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ   ИНЖЕНЕР-МЕХАНИГІ

Есіл, Қылшақты, Шағалалы өзендері мен Қопа, Зеренді, Үлкен  және Кіші Шабақты, Жөкей көлдерінде  оттегіні химиялық  тұтыну  бойынша  белгіленген   нормадан  жоғары көрсеткіш анықталды.  Зеренді, Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты, Сұлукөл көлдерінде фторит бойынша, Шуинск көлі мен Қылшақты, Шағалалы өзендерінде марганец бойынша. Басқа су нысандарында белгіленген нормадан ауытқу байқалмайды.

Ал  ерітілген оттегі құрамы, сутекті көрсеткіш, иісі, тазалығы, оттегіні биохимиялық тұтыну  бойынша  аймақтағы су  қоймаларындағы су сапасы тұрақты.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
20:31, 3 шілде 2020
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар