ШҰҒЫЛ! «КӨКШЕТАУ» ГАЗЕТІНЕ-90 ЖЫЛ! Толығырақ

АЛДАҒЫ ЕКІ АПТАДА ЖЕҢІЛДЕТУЛЕР БОЛМАЙДЫ

19:07, 30 шілде 2020

ДК: Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдете отырып екі аптаға ұзартуды тапсырды. Бұл шараға қатысты ақмолалықтардың пікірі қандай? Тілшіміз тарқатсын.

РКС: 5 шілдеде енгізілген локдауннан кейін коронавирус індетіне шалдыққандардың тіркелуі 29 процентке төмендеді. Карантиндік шаралардың оң өзгерісін одан әрі нығайта түсу  мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шектеулерді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырды. Ақмолалықтар өз кезегінде, карантинді ұзартумен қатар, халықтың барлық топтарын қолдаудың қосымша шаралары қажет деп санайды.

СНХ: МЕРЕКЕ АСЫЛБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ///Карантинді созғаны дұрыс болды деп ойлаймын. Себебі, адамдар енді жазылып келе жатыр. Бұл дегеніміз, болашақта індеттің азаюына сеп болады деп ойлаймын. Және де осы шешіммен келісемін.

РКС: Ақмола облысында да індеттің беті қайтып келеді. Жалпы, аймақта қабылданған шаралар кешені COVID-19 инфекциясының күн сайынғы өсімін 3,6 есе азайтуға мүмкіндік берді. Халықтың бұл індетке әлі де немқұрайлы қарауы салдарынан осындай шараларға баруға тура келіп отыр,-дейді жауапты сала мамандары.  

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма///Індет көрсеткішінің төмендеуін  жүйелеу үшін карантинді ұзарту шешімі қабылданды. Бұл мәселені бүгін Мемлекеттік комиссия қарауы керек еді. Кеше, бұл сұрақ ведомствоаралық комиссияда талқыланды. Не себепті? Өйткені, көптеген заң бұзушылықтар анықталып отыр. Маска кию, қашықтықты сақтауды ұмытпаған жөн. Көптеген нысандар тыйым салынғанына қарамастан, көпшілік іс-шараларды өткізулерін тоқтатар емес.

РКС: Айта кету керек, облыстың санитарлық бас дәрігері Айнагүл Мусина алдағы екі аптада жеңілдетулердің болмайтындығын айтты.

АЙДЫН НӘЖКЕНОВ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, АЗАМАТ БЕКМАҒАМБЕТОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ. 

 


 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҒИМАРАТТАРЫ ЖАБДЫҚТАЛДЫ
19:43, 17 қыркүйек 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҒИМАРАТТАРЫ ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ 8 АЙДА СОТ ІСТЕРІНІҢ  ТЕК 7,5% МЕМЛЕКЕТТІК  ТІЛДЕ   ҚАРАЛҒАН
19:54, 11 қыркүйек 2020
СОҢҒЫ 8 АЙДА СОТ ІСТЕРІНІҢ ТЕК 7,5% МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҚА...
Толығырақ...
ӘРІПТЕСІМІЗ, ТЕЛЕОПЕРАТОР АБЗАЛ ҚАСЫМБАЕВ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ
19:57, 11 қыркүйек 2020
ӘРІПТЕСІМІЗ, ТЕЛЕОПЕРАТОР АБЗАЛ ҚАСЫМБАЕВ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ
Толығырақ...