ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

АЛДАҒЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

18:34, 15 мамыр 2019

РКС: Биылғы жылу беру маусымы аяқталды. Осы мерзімдегі жұмыстар қалыпты болып, барлық жерде температуралық режим сақталған. Нәтижесінде тұтынушыларға қызмет көрсетуде  іркілістер болған жоқ. Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда тұтынушылар тарапынан түсетін шағымдар да едәуір азайған. Десе де, маусым барысында жылыту мәселесіне қатысты шағымдар болғандығы жасырын емес, сондықтан жауапты тұлғалар келер жылы туындауы мүмкін мәселелердің алдын-алу шараларын қарастыратындықтарын жеткізді.

СНХ: ИВАН ЮРЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ  ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ //////  Барлық тарифтік-сметалық көрсеткіштер қайтадан бір тексеріледі. Бір ғана мысал келтірейін, Бурабай ауданында тарифтік смета бойынша 18,5 мың тонна мазут қажеттігі көрсетілген, бірақ барлық жұмыс қарықынын есептей келе, 21 мың тонна мазут қажеттігі анықталған. Бюджеттік кодекс бойынша тек тарифтік сметада көрсетілген мөлшерді ғана қамтамасыз ете алатын болғандықтан, жоғарыда айтқан олқылықтар орын алмауы үшін барлық өңірлер  мұқият тағы бір тексеріс жүргізетін болады.  

РКС: Өңірде алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес келесі жылыту маусымына дейін 663 жылу көзі мен жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. 2128 тұрғын үйді, 588 денсаулық сақтау нысанын, 704 білім беру нысанында жылыту жүйесін дайындау тапсырылды. Маусым  басында 2 айлық отын қорын жасақтау қажет. Атап айтсақ, 225 мың тонна көмір, 10 мың тонна мазут  қоры дайын тұруы шарт. Жоспарды іске асыру  инвестициялық бағдарламаларды орындау және бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ.  

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...