ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

АМБУЛАТОРЛЫҚ ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТТІ

19:54, 16 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Амбулаторлық паллиативті көмекті ұйымдастырудың принциптері. «Талдау және стратегиялық жобалар орталығы» қоғамдық қоры осы тақырыпта облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы аясында Ақмола өңірінде әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Іс-шара аясында орта медициналық және әлеуметтік қызметкерлер мен  психологтар үшін 3 күндік оқу-семинары ұйымдастырылды.  

РСК: Қазақстанда паллиативті көмек әлемдік үрдістермен қатар дамуда. Әрі кепілдендірілген тегін медициналық көмектің қатарына да кіреді. Бүгінде барлық облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда паллиативті көмек көрсету  бөлімшелері ашылды.

СНХ: ДИНАРА ӘБДІКӘРІМОВА, «ТАЛДАУ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ://рус//Соңғы уақытта Қазақстанда паллиативті көмек көрсету тұжырымдамасы шеңберінде оң өзгерістер орын алуда. Белгілі болғанындай, паллиативті көмек тегін медициналық жәрдемнің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кіреді. Қазір Ақмола облысының барлық медициналық ұйымдарында осы бағытта оқыту курстары ұйымдастырылып жатыр.  Эпидахуалға сай қазір оқыту онлайн режимінде жүргізілуде. Орташа медициналық қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар науқастың өзіне ғана емес, сонымен бірге пациенттердің туыстарына да тікелей көмек көрсететінін түсіну керек. Мұндай адамдармен жұмыс істеу өте маңызды, өйткені, бұл психологиялық тұрғыдан қиын.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ШАИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ПАЛЛИАТИВТІ КӨМЕК БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА МЕДБИКЕСІ: //рус//Біздің бөлімшеде паллиативті көмекке мұқтаж науқастар бар. Жүргізіліп жатқан оқыту бағдарламасы біздің медицина қызметкерлері үшін өте пайдалы. Мұндай сабақтар жиі өткізілсе екен деймін. Қызметкерлеріміздің осындай пациенттерге және олардың туыстарына қалай қызмет көрсету керек екенін білуі өте маңызды.

РСК: Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты семинар онлайн режимінде өтуде. Алайда, бұл Ақмола облысының барлық аудандарын қамтуға кедергі келтірген жоқ.

СНХ: ВЕНЕРА АҒАЕВА, ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ (ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫ)://рус// Ұйымдастырушыларға онлайн оқыту үшін және ұсынылған материалдар үшін рахмет. Тақырыптар толығымен ашылды. Жағдайлар өмірден алынған. Бұл оқу менің алдағы жұмысыма пайдасы тиеді.

СНХ: ЖАННҰР ҚАБДЕЙ, ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ МЕДБИКЕСІ: ///ҚАЗ/// Ақмола облысының денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен 3 күндік паллитивті көмек қашықтық оқуы басталды. Психолог мамандар бізге лекция оқыды. Жалпы қазіргі заманға сай онкологиялық аурулардың өршуіне және созылмалы ауруларыдың өршуіне байланысты бізге өте керек деп ойлаймын.

СНХ: РАЙХАН КЕНЖЕҒҰЛОВА, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ, //РУС//: Қазір паллиативті көмекке байланысты қашықтан оқыту курсына қатысып жатырмын. Пайдалы бағдарлама үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Бұл ақпараттар бізге өте қажет.

РКС: Өкінішке орай, паллиативті көмекке мұқтаж науқастардың саны азаймай тұр. Емделмейтін аурулар тіпті жас қазақстандықтардың да өмірін қиып жатыр.  Жақындарының қазасын оңайлықпен қабылдай алмайтын туыстары үшін де аса қиын жағдай. Сондықтан, бұл семинардың басты мақсаты -ауыр жағдайдағы науқастар мен олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсету үшін медицина қызметкерлерін даярлау.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...