ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ НАЗАРДА

17:30, 7 қараша 2019


Ақмола облысы бойынша өткен 9 айда ондаған нәресте шетінеген. Дәрігерлер оның себептері әр түрлі екендігін айтады. Осы және өзге де мәліметтер арнайы өткен брифинг барысында айтылды.

Өңірдің денсаулық сақтау саласының мамандары сәбилердің шетінеуінің басты себебі перинаталдық себептер, яғни, 42 пайызында салмағы 1 келіге толмаған нәрестелер екендігін айтады. Одан кейінгі себеп туа біткен инфекциялардың болуы. Үстіміздегі жылы 9 сәби туа біткен аурудың салдарынан шетінеген. Үшіншісі инфекциялық паразитарлық себептер. Ол бір айдан асқан балалар, яғни түрлі вирусты жұртырған не болмаса пневмания немесе өзге асқынған аурулардың салдарынан болған жағдай.

СВЕТЛАНА БИШОРАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы мамандары штаттан тыс акушер-гинеколог, неанотолог, педиатр мамандармен анализ жүргіздік. Шетелден Литвадан да сырттай анализ жүргіздік. Оның себептері ауруханадағы және емханадағы деп екіге бөлінді.   Негізгі себеп аналардың бала тууға дайын болмауы. Және созылмалы ауруы бар әйелдердің жүктілігін дәрігерлер қалай жүргізді? Дәрігерлердің білім деңгейінің жеткіліксіздігі ол да бар.      

2019-2021-шы жылдарға арналған нәресте және баланың шетінеуін төмендетуге қатысты жедел іс-шаралар жоспарының орындалуы баяндалған брифингте бірнеше ұсыныстар да айтылды.

ВЛАДИСЛАВ ШУЛЬ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ   

Жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша ұсыныстарымыз бар. Біріншісі медицина мекемелерінде қызыл, сары, жасыл түсті жолақтар бар. Оның не үшін екенін тұрғындар біле бермейді. Мысалы, науқасты шұғыл түрде ауруханаға жеткізген сәтте реанимация бөліміне қызыл жолақпен апару қажет. Яғни, тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Брифинг барысында жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша өзекті деген мәселелер қалай шешіледі, болашақ аналар мен бала денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыс жоспарлары айтылды.  

М.АЙБАБИНА, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...