ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

АНЫҚТАМА АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ

17:12, 13 қыркүйек 2019

ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жеңілдетілген. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының басшылығы есеп берді.  

ҚР Бас прокуратурасы тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардан анықтамалық құжаттарды алу жеңілдетілген. Ол – құқықтық жауапкершілік туралы, мұрағаттық анықтама беру және прокуратура органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері. Азаматтар бұл құжаттарды қызмет көрсету орталықтарына бармай –ақ, egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы алуда.

БЕРІКБОЛ САПАРҒАЛИЕВ, ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ресми құжаттарды апостилдеуден басқа барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Апостиль қою үшін 0,5 АЕС көлеміндегі мемлекеттік баж алынады. Ол 1062 теңгені құрайды.

Өзгеріске сәйкес анықтамаларды 3-ші жақтың алуына да болады. Бұл қызмет мәліметтері сұратылып отырған тұлғаның электронды түрде немесе хабарлама арқылы растауымен ғана іске асырылады. «Мұндай жаңашылдық азаматтардың жұмысқа орналасуы кезінде жұмыс берушілердің анықтама сұрауын азайтады» - дейді орган қызметкерлері.

ЛӘЗЗАТ ҚҰДАБАЕВА, ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Егер қызмет көрсету сапасы немесе ұзақтығы анықтама алушының көңілінен шықпаған жағдайда, оның шағымдануына құқығы бар. Шағым жазбаша түрде беріліп, 5 жұмыс  күні уақыт аралығында қарастырылатын болады. 

Соңғы жарты жылдықта ҚР-сы шекарасынан шығу үшін құқықтық жауапкершілік туралы 650-ден астам анықтама берілсе, ресми құжаттарды апостилеу аясында 372 сұраныс орындалған. 4024 әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама беріліп, оның 4 мыңнан астамы электронды үкіметтің порталы арқылы орындалған.

Тұмарым Бабасанова, Бауыржан Садуақасов, Көкше ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...