ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛЕДІ Толығырақ

АРМАНҒА ЖЕТЕЛЕГЕН ҚАДАМ

19:33, 29 шілде 2020

ДИКТОР: «Бастау бизнес» бағдарламасы еліміз бойынша миллиондаған жасқа жеке бизнесін ашуға көмектесті. Бағдарлама бойынша оқып шыққан түлектер әр қала мен ауылда кәсіпен айналысуда.  Кейбіреулер өз істерін енді бастап жатса, өзгелері өндірісті кеңейтіп, жаңа деңгейге көтерілуде. Филипп Руднев – қайтарымсыз грант жеңіп алғандардың бірі. Шағын ғана Запорожье ауылының тумасы фотосалон ашқан. Тіпті, денсаулығы сыр берсе де, арманының орындалуына кедергі келтірмеді. Жас кәсіпкермен тілшіміз кездесіп қайтты.

ЕСТ. ШУМ. Нашему младшему полтора годика, этому шесть, старший у нас - Филипп. Ему было 19. Тимофею было 18. Инне было 16. Любе было недавно 15. 13(показывает на детей), 11, 8, 6 и полтора.

РКС: Отағасы-көліктердің дөңгелегін ауыстырумен айналысса, балалардың анасы-үй шаруасындағы әйел. Филипп тоғыз баланың үлкені. Көпбалалы отбасы Запорожье ауылында  тұрады. Филипп 17 жасынан бастап өз ісін ашуды армандады. Аудан орталығында «Бастау бизнес» курсын тәмамдады.  Ол фотосалон ашу туралы өзінің жобасын қорғап, 505 мың теңге грант ұтып алды. Осы ақшаға ол фотосалонға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.

СНХ: ФИЛИПП РУДНЕВ, ЖАС КӘСІПКЕР///АУДАРМА///Мен тек ауылда ғана емес, ауданға да шығып жұмыс істеймін. Запорожье, Жаңақима, Монастырка, Донское, Дружба елдімекендеріне де шығып, қызмет көрсетемін. Тапсырыстар үнемі болып тұрады. Мен Инстаграм парақшамды аштым. Маған жазылғандардың барлығына 5 процент жеңілдік беремін және бір фотосурет тегін жасаймын. Сондай-ақ фотосуретті басып шығарумен де айналысамын.

РКС: Филипптің бизнестің бұл түрін қолға алғанына бір жыл ғана, бәрі әуелде әкесінің әуесқойлығынан басталған. Үйдің үлкені денсаулығына байланысты ауыр жұмыстарды істей алмады.  Туғанынан жүрегінде ақау бар. Алайда, оған жасөспірім мойыған жоқ, арманы алға жетеледі.  Мектепті аяқтаған соң Филипптің бос уақыты көбейді, сол кезде фотосуретпен айналысу туралы шешім қабылдайды. Көпбалалы отбасында фотомодельдерді  іздеу аса қиындық туғызған жоқ.

ЕСТ. ШУМ. Это папа, это мама, это Полина, это Филипп, это…

РКС: Отбасы сиыр ұстайды. Бау-бақшаларын күтіп-баптаумен айналысады. Көпбалалы ана бүгінгі тірлігіне еш өкпесі жоқ екенін айтады.

СНХ:  ОЛЬГА РУДНЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА ///аударма///Елбасының тікелей тапсырмасының арқасында әр үйді, әр ауылды сумен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапты. Содан біз алдымен  құбыр қаздық, трактор жалдадық, ақысын төледік. Бастапқыда су ащы болды, уақыт өте келе тазарды. Қазір суымыз мөп-мөлдір, дәмінде де ешқандай өзгеріс жоқ. Ақысын пайдаланғанымызға қарай төлейміз. Әрине, бұл бізге ұнайды, өте тиімді.

РКС:  Болашақта Филипп өз бизнесін кеңейтуге ниетті. Кеңсе тауарларын сататын дүкен ашуды жоспарлап отыр. Айта кету керек, биыл Жақсы ауданына 50 адам «Бастау бизнесіне»  оқуға жіберілді. Бөлінген грант саны 30. Бұл ауыл тұрғындарына өз армандарына нақты қадам жасауға мүмкіндік береді.

АЙДЫН НӘЖІКЕНОВ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
20:12, 11 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
АУРУХАНАЛАРҒА  ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
20:12, 11 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...