ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АРМЕНИЯЛЫҚ КӨЛІКТІ ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА

13:51, 15 қазан 2020

ДК: Шетелдік көліктің бұрынғы иесін, жасанды автономерді, өзге елдерде іздеу салынған көлікті анықтау қиынға соқпайды. Бұл полиция департаментінің  сандық бақылау жүйесі арқылы мүмкін болмақ. Жергілікті полиция қызметі өңір тұрғындарын шетелдік автокөліктерді уақытша тіркеуге қоюға шақырады. Қазіргі таңда армениялық көліктердің басым көпшілігі тиісті құжат рәсімдеген. Алайда, басқару жүйесі оң жақ рульді көліктерді тіркеу жүргізушілерге  салмақ салып отыр.

РКС: Облыс аумағына 552 армиян көлігі келген. Оның 366-сы еш кедергісіз уақытша тіркеуге тұра алады. Жүзгізушілердің басым бөлігі бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгеріпті. Мамандар уақытша тірукеуге қойылған көліктер әдеттегі қазақстандық нөмерлі көліктермен бірдей қарастырылады деп отыр. Яғни, баж салығы немесе өзге төлемдер талап етілмейді.

СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///орысша/// Ақмола облысына үстіміздегі жылдың 1-ші ақпанына дейін  552 армениялық көлік енгізілген еді. Үкімет қаулысына сай біз әр жүргізушімен хабарласып, көлікті уақытша тіркеуге қою туралы жұмыс жүргіздік. Қазіргі таңда өңірдегі көліктердің 94 пайызы тіркеуге қойылды. Қазір 23 көлік қалды. Олар құрастырылған зауытында сол жақ рульді оңға ауыстырған көліктер.

РКС: Заң талабына сәйкес оң рульді көліктер тіркеуге алынбайды. Облыс аумағына мұндай 158 авто әкелінген. Олардың 87-сі сол жақ басқару жүйесіне ауыстырылыпты.

СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///орысша///  01/15 Осы ретте оң рульді автокөлік иелерін ескерткім келеді. Көлікті басқаруды сол жаққа ауыстырып, оны тіркеуге қоюға болады. Қостанай және Петропавл қалаларында көлікті қайта жабдықтаумен айналысатын арнайы мекемелер бар. Олар тиісті қауіпсіздік куәлігін береді. Осы куәлік негізінде небәрі 12 мың теңгеге көлікті сол жақ рульді авто ретінде тіркеуге болады.

РКС: Армениялық көліктерді тіркеу мерзімі 2021 жылдың 1-ші наурызына дейін ұзартылған еді. Бұл мерзім ішінде тіркелмеген шетелдік көліктің Қазақстанда жүруіне тыйым салынады.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...