ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АС АТАСЫ – НАН

13:51, 15 қазан 2020

ДИКТОР: 16 қазан елімізде нан күні аталып өтіледі. Бұланды ауданында нан пісірумен айналысатын бірнеше наубайхана бар. Солардың бірі «Қаражар-2015» серіктестігі. Мұнда күніне 10 мыңнан аса бөлке нан пісіріледі. Сұрыпталған нан өнімдерімен тұрғындарды бірнеше жылдан бері  қамтамасыз етіп отырған кәсіпорынның қуаттылығы жыл санап артып келеді. 

РКС: 1998 жылдан бері жұмыс істейтін мекеме 3 ауданды нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Олар: Біржан сал, Бурабай, Бұланды аудандары.

СНХ: МАРИНА КАРАЧЕВА, БРИГАДИР///аударма/// Наубайханада 12 жыл бойы бригадир болып жұмыс істеймін. Маған жұмысым өте қатты ұнайды,  жалақысы жақсы, ұжым тату. Нанмен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап етеді.

РКС: 44 аталымы бар нан түрін шығаратын наубайхананың әр күні қызу жұмысқа толы.

СНХ: ТАТЬЯНА МИНАКОВА, НАУБАЙХАНА ӨНДІРІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ///аударма/// Наубайханада 30 адам қызмет атқарады. Олар 4 ауысымда 12 сағаттан жұмыс жасайды. Әр қызметкер тегін 3 бөлке нан алады. Бұл тек біздің наубайхана қызметкерлеріне ғана емес, ұйымда жұмыс істейтіндердің бәріне беріледі. Осы сәтті пайдалана отырып, өз әріптестерімді нан күнімен құттықтаймын. Жұмыстарыңыз жемісті болсын.

РКС: Ас атасын құрметтеу – баршаға парыз. Ал, нан пісірумен айналысатын мекеме қызметкерлері нанмен жұмыс жасау айырықша, бөлек сезім екенін білдіріп жатты.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН,  АЙНҰР ҚАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...