ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КӨРМЕ

19:29, 12 шілде 2019

ДИКТОР: Ашық аспан астындағы көрме. М.Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы Көкшетау қаласының 195 жылдығына осындай сый жасады. Саябақта өткен кітап көрмесі шаһар жұртшылығының назарын аударып, қала тарихымен таныстырды. Алтын қазына – кітапқа деген қызығушылығын оятты.

РКС: Саябақта өткен өзгеше көрменің ерекшелігі сол – жан-жақтылық қамтылған. «Көкшетау – сексен көлдің саясында» деп аталған мына сөреде шаһар тарихына, ғұлама жазушыларына арналған кітаптар ұсынылды. Ал мұнда жергілікті қаламгерлердің өз қолтаңбалары қойылған төл дүниелері көрсетілді. Ашық аспан астында көрме өткізу жылдағы дәстүрге айналған.

СНХ: АРАЙЛЫМ ДАУЛЫБАЕВА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ Біздің міндет, ақпараттық библиографиялық бөлім осындай өзіміздің өлкемізге қатысты осы ақын-жазушыларымыздың,  көптеген жас ақындарымыздың әдебиеттерін, шығармашылықтарын насихаттау.

РКС: Көрмеге мектеп оқушылары да қатысты. Олар кітапхананың бай рухани қазынасымен танысып, кітапхана қызметкерлерімен танымдық ойындар ойнады, шаһар тарихы жайында қойылған сауалдарға жауап берді.

СНХ: ТОМИРИС ТӨЛЕНДИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Бүгінгі   күн  мен  үшін өте қуанышты. Өйткені біздің сүйікті қаламызға 195 жыл толып жатыр.  осы кітапханаға келмей тұрып менің оқуға деген қызығушылығым болмаған.  Бірақ осы кітапхананы аралап, көргеннен кейін, аяқ астынан менің оқуға деген қызығушылығым көбейді.  Бұл кітапханада өте көп кітап бар. 

СТЭНД-АП: АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, РЕДАКТОР Бұл көрменің тағы бір ерекшелігі -  кітапхана өз оқырмандары әкеліп  табыстаған кітаптарды  қала тұрғындарына сыйға тартуда.  Мұнда отыз шақты кітап қойылған. Және дәл қазір мен де өзім қалаған бір кітапты аламын.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...