ШҰҒЫЛ! ӨЗІН-ӨЗІ АСЫРАҒАН АУЫЛ Толығырақ

АШЫҚ ЕСІК

22:51, 18 қазан 2019

Ақмола облысының әкімдігі «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Азаматтарды қабылдауды өңір басшысы Ермек Маржықпаевтың өзі жүргізді, сонымен қатар, оған барлық басқарма мен департаменттің жетекшілері және күштік құрылымдардың басшылары қатысты. Қабылдауға келген қалалықтар өздерін толғандырған түрлі бағыттағы мәселелерін алға тартып, оның аз уақытта шешілетініне сенім білдірді.

Бетпе-бет жүздесу. Ашықтық. Қолжетімділік және адалдық. Бұл «Ашық әкімдік» қағидасымен өткен алғашқы кең көлемдегі қабылдаудың мақсаты. Қалалықтар тіркеуден өтіп, өздерінің жеке мәселелерімен қабылдауға өтуге мүмкіндік алды.

Қабылдау барысында өзекті деген түрлі мәселелер қаралды. Қалалықтардың белсенділігіне қарап, олардың жанайқайы билік өкілдеріне жетіп, мәселелері шешілетініне сенімді екендіктерін байқауға болады. Мәселен, Гауһар Шәймерденова қызының 10 жыл бері спортпен айналысып жүргенін алға тартып, облыс әкімінен оның оқуына грант бөлуді сұрады.

ГАУХАР ШӘЙМЕРДЕНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Менің қызым университеттің дене шынықтыру және спорт факультетінде оқиды. Ол каратэден әлем чемпионы. Сондықтан, оның оқуына грант бөлуді және әкімнің шәкіртақысын сұрадым. Ермек Боранбайұлы менің қызыма қолдау көрсетуге тырысатынын жеткізді. Мен бұған дейін де қабылдауда болған едім. 

Әкімнің қабылдауына келген қалалықтар «Ашық есік» күні барлық басқарма басшыларының бір жерде тоғысқанына риза. Бұл олардың мәселелерінің оңтайлы шешілетініне сенім ұялатып отыр. 

ССВЕТЛАНА ЗОТКИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Біз лашық типтес үйде тұрамыз. Газет беттерінде олардың өткен жылы-ақ сырылатыны айтылған болатын. Алайда, бұл іске әлі кіріскен жоқ. Қашан жүзеге асыратынын білейін деп ем.

КЕНЖЕБЕК ҚҰРМАНҒОЖИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ 

Менің келген себебім, жаңа үйге әлі газ өткізген жоқ. Біз пәтерге мемлекеттік бағдарлама бойынша қол жеткізген едік. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс бөлімі бір-біріне сілтейді. Құжаттар қажет,-дейді. Әкімдіктердің ашық болатынын білмеппін. Осы мүмкіндікті пайдаланайын деп келдім. Өйткені, бұл облыс әкімімен бетпе-бет жүздесуге мүмкіндік береді. 

«Ақмола – адалдық алаңы» кеңсесінің өкілдері азаматтарды қабылдаудың бұл түрі алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Бүгінде бірінші қадам жасалып отыр.

Бибінұр Әмірханқызы, Мадина Смағұлова, Дархан Сағын Апта

Тақырып бойынша материалдар

ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
19:36, 20 қараша 2019
ӘДЕП ПЕН ТӘРТІП - МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ НЫШАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
16:26, 15 қараша 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ. НҰРЛАН МІНАЙДАРОВ
Толығырақ...
НА ПОВЕСТКЕ – СОЗДАНИЕ БЕЗБАРЬЕРНОЙ СРЕДЫ ДЛЯ ИНВАЛИДОВ
19:22, 18 қараша 2019
НА ПОВЕСТКЕ – СОЗДАНИЕ БЕЗБАРЬЕРНОЙ СРЕДЫ ДЛЯ ИНВАЛИДОВ
Толығырақ...