АССАМБЛЕЯ-БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ТІРЕГІ

Қазіргі күні Ақмола өңірінде 100-ден аса ұлт өкілі тұрады. Сондай-ақ ресми түрде 52 этно-мәдени бірлестік тіркелген.

20:42, 9 тамыз 2017   121

Қазіргі күні Ақмола өңірінде 100-ден аса ұлт өкілі тұрады. Сондай-ақ ресми түрде 52 этно-мәдени бірлестік тіркелген. Олардың 32-сі облыс орталығында жұмыс істейді. Ұлтқа қарамай, ұйымшылдықты ұран еткен ұлт өкілдерінің төл тарихын насихаттап, дәстүрін дәріптеуіне жағдай жасау үшін Көкшетауда арнайы "Достық үйі" де ашылған. Бұл да ел бірлігін бекем ету жолындағы жұмыстың бір парасы.

Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Жүз жаңа есім" жобасы да қайырымдылық ісінің қарымды болуына ықпал етуде.

Достық үйіндегі "Шаңырақ" мектебі болса, түрлі ұлттың тілдерін үйренем деушілер үшін ашылған. Бұл жерде барлығы 10 түрлі тілден сабақ беріледі. Ұлт арасындағы ынтымақты күшейту жолындағы бастамалар жыл сайын жанданып, өрісі де кеңейе түсуде.

Әсем Қаматайқызы, Татьяна Смолякова

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75