ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

АСТАНА ЖӘНЕ БУРАБАЙ ТУРАЛЫ АЛЬБОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

09:47, 21 мамыр 2018

РКС: Ағылшын тіліндегі альбом Бурабайдың көркем көріністерін бейнелейтін фотосуреттерге толы. Ал, ақпарат тасушы құрылғының көмегімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры туралы ақпаратты үш тілде ала аласыз.  

РКС: Кездесуге қатысушылар аталған басылымдардың өңірдің мұражайлары мен кітапханаларындағы құнды жәдігерге айналатынын атап өтті.

СНХ: ГҮЛМИРА БЕКНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Шынында да, бұл біз үшін өте қуанышты жағдай. Осындай сый үшін сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл альбомдар Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға, сонымен қатар, әдебиет және өнер мұражайы мен өлкетану мұражайына қойылатын болады.

РКС: Елорданың 20 жылдығы қарсаңында «Астанадағы бір күн» тұсаукесер альбомы жарық көрген болатын. Мерейтойға байланысты қандай халықаралық жобалардың жүзеге асырылатынын Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының кеңесшісі Әлия Қайшарова айтып берді.

СНХ: ӘЛИЯ ҚАЙШАРОВА, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҚОРЫ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ /// Биыл Елорданың 20 жылдық мерейтойы тойланады. Біздің Астанамыз әлемге танылды. Бүгінгі таңда бас қала халықаралық келіссөздер орталығына айналды. Астананың мерейтойы болғандықтан, біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ел ордамызды таныстыруды ойластырдық. Сондықтан, біз Астана туралы фотокөрме жобасын жүзеге асыруды қолға алдық. Оны Мәскеу мен Санк-Петербургте таныстырдық. Енді Испания мен Италияда да осындай шаралар өткізілмек.

РКС: Тұңғыш Президент қоры мен Ақмола облысы әкімдігінің арасындағы меморандум аясында бүгінгі таңда «Елбасы жолы», «Паралимпиадалық бастаулар» және «BURABAY FORUM» жобалары да белсенді жүзеге асырылуда.  

НҰРГҮЛ НҰРБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ТҰҒЫРЛЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА ТОЛЫМДЫ ТАРТУ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ  ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
19:33, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ЖОБАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...