ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АСТАНАДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

19:47, 17 шілде 2017

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінің маңы таңғы сағат 9-дан бастап азық-түліктің мерекесіне айналды.

Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінің маңы таңғы сағат 9-дан бастап азық-түліктің мерекесіне айналды. Қаз-қатар тізілген дүңгіршектерде әлеуметтік маңызды өнімдердің барлығы қойылған. Әсіресе,  тұрмысқа аса қажетті ет, шұжық, ұн, сүт өнімдері мен жұмыртқа көбірек ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдерін 30-ға жуық дүңгіршектен сатып алып жатты.

Жалпы, ақмолалық тауар өндірушілер жәрмеңкеге 430 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін әкелген. Оның басым бөлігін ет, сүт және ұн өнімдері құрайды. Айта кететіні, тауарлардың 35 түрі нарықтағы межеден біршама төмен бағамен сатылды. Мәселен, жылқы етінің орташа бағасы – мың жарым, сиыр еті – 1250 теңге, шұжық өнімдері – 900 теңге және жұмыртқа – 180 теңгеден ұсынылды.

Айта кететіні, жәрмеңкенің екінші алаңында қызылордалық тауар өндірушілердің өнімдері сатылып жатты. Сыр елінің кәсіпкерлері тоқшылық мерекесіне 170 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін әкелген. Олардың қатарында күріш, жылқы және тауық еті, ара балы, сүт тағамдары, көкөністер мен кондитерлік өнімдер бар. Тұрғындар тарапынан, әсіресе, қауын-қарбызға деген сұраныс мол болды.

Жәрмеңке аясында ақмолалық өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік алып қана қоймай, дарынды жастардың өнерін тамашалауға да мүмкіндік алды.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
20:17, 20 сәуір 2018
АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...