ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

АСТАНАДА «AQMOL» САУДА ЖЕЛІСІ АШЫЛАДЫ

13:01, 12 қазан 2017

Астана қаласындағы азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету мақсатында Есіл әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ақмолалық тауарлардың сауда желісін құруға қатысты жобаны қолға алған. Аталмыш жоба аясында әзірге өңірдегі 10 тауар өндіруші кәсіпорынмен келісімшарт жасалған . Олардың қатарында, сапалы өнімдерімен үлкен сұранысқа ие болып жүрген «Гормолзавод», «Родина агрофирмасы», «Агро Продукт» серіктестіктері де бар. Айта кету керек, жыл соңына дейін елордадан 3 бірдей дүкен ашу жоспарланып отыр. Оның алғашқысы қазан айының соңында ашылатын болады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру ақмолалық тауар өндірушілеріне де, Астаналық тұтынушыларға да қолайлы.    Айта кету керек, Көкшетау қаласында да азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік павильондар бар. Ол жердегі сөрелерде баға нарықтағыдан әлдеқайда төмен.

«AQMOL» сауда желісін құруға бағытталған жоба 2 кезеңде жүзеге асатын болады. Алғашқы кезеңінде Астанадан 3 дүкен ашу жоспарланып отыр. Ал екінші кезеңде оның санын 10-ға дейін жеткізу көзделген. Осылайша, нарықтағыдан төмен бағамен сатылатын ақмолалық брендтер елорда тұрғындарына кез-келген уақытта қолжетімді болмақ.  

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
12:50, 19 сәуір 2018
БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
12:23, 19 сәуір 2018
«ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
12:22, 19 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...