ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ДАМУ ӘЛЕУЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16:59, 13 қаңтар 2020

 


2019 жылы Астрахан ауданының негізгі капиталына 5 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. Өңірде жаңа спорт нысандары мен денсаулық сақтау мекемелері салынып, мектептер мен балабақшаларға күрделі жөндеу жасалуда. Жол, су құбыр жүйесі, жылумен қамту салалары да басым бағыттар қатарында. Аудан әкімі Нұрлан Сейілов бұл бағыттардың әрқайсысына жеке тоқталып, журналистерді 2020 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Өткен 2019 жылы 138 астрахандық өз ісін бастауға қаржы алыпты, 527 азамат кәсіпкерлік негіздерін меңгерген. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 228 млн. теңге игеріліпті. Нәтижесінде өңірдің бюджет кірісі 15 пайызға артып отыр. Астрахан облыс аумағындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасының пилоттық кезеңіне қатысқан үш ауданның бірі. Аталған бағдарлама аясында жалпы құны 803 млн. теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылыпты. Өңірге жұмылдырылған инвестиция көлемі де 20 пайызға жуық жоғарылаған.

НҰРЛАН СЕЙІЛОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Біздің басты міндетіміз ауданға инвестиция тарту бағыты болып табылады. Астрахан ауданының негізгі капиталына 2019 жылы 4 млрд. 900 млн. теңге инвестиция жұмылдырылды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 4 млрд. теңге шамасында еді. Өңірде бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды. Сауықтыру-шынықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. 3 елді мекенде ауызсумен қамту және су құбыр жүйелерін жабдықтау жұмыстары атқарылды. Бұл жобалар республика және облыс бюджетінен қаржыландырылып, жалпы көлемі 1млрд. 354 млн теңге бөлінді.

Өңірде жол жөндеу бағытына 320 млн. теңге жұмылдырылыпты. Ескі Колутон, Таволжанка ауылдарына апарар жол сайрап жатыр, Астрахан мен Жалтырда 20 млн. теңге қаражатқа абаттандыру жұмыстары атқарылды, - дейді әкім. Өңірде 31 мектеп пен 27 балабақша, 32 медициналық мекеме, 28 мәдениет ошағы қызмет атқаруда. Әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, медициналық құрал-жабдықтармен қамту ісі де жыл санап шешім тауып келеді. Өңірде тұрғын үй құрылысы да жанданбақ. Бұл аудан орталығындағы жылу жүйесінің жаңғыртылуымен байланысты.    

НҰРЛАН СЕЙІЛОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

2019 жылы қолға алынған орталық қазандық құрылысы мен жылу инженерлік желілерін тарту ісі 2020 жылы жалғасын табады. Бұл жоба бізге жуық арада аудан орталығында тұрғын үй құрылысын өрістетуге мүмкіндік береді. Жылу жүйесі тартылған аумақтан жеке тұрғын үй салуға жер телімдері беріле бастайды. Қазір, 36 пәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өткізілуде. Облыстық бюджеттен 45 пәтерлі көпқабатты 2 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлініп отыр.

Өткен жылда 232 кәсіпкерлік нысаны тіркеліпті. Олардың жалпы саны мың жарымға жуық. Өңір экономикасының басым бөлігін ауылшаруашылығы құрайды. Қазір аудан шаруалары асыл тұқымды мал өсіріп, ет пен сүт өндірісіне басымдық берген. 2019 жылы Астраханның агроөнеркәсіп саласы нарыққа ұсынған жалпы өнім көлемі 32 млрд. теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2018-ші жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге жоғары.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...