ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

АСТЫҚТЫҢ САПАСЫ МЕН ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ БАСТЫ МІНДЕТ

16:01, 27 қараша 2019

 


20 миллион гектардан астам егістік алқабына дән сіңіретін отандық егіншілер астықтың шығымдылығын 2 есеге дейін арттыруы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына осындай міндет қойды. Бүгінгі күні Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы өсімдіктің өнімділігін арттыру бағытындағы ғылыми жұмыстарды күшейте түсті.

6 миллион гектар егістік алқабына астықтың қазақстандық үлгісі себілсе, оның 5 миллионы Бараев институтына тиесілі. «Шортанды 95», Ақмола», «Астана» сияқты бидай түрлері көпшілікке кеңінен танымал. Бүгінгі таңда ғылыми-өндірістік орталық әлемнің озық үлгілерін зерттеп-зерделеп, еліміздің климаттық ерекшеліктеріне қарай бейімдеу жұмыстарын бастады. Америка Құрама Штаттары, Германия мен Ресейдегі әлемге танылған маңдайалды ғылыми институттарымен тәжірибе алмасуда. Орталық директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Кенже Абдуллаев заманауи технология өсімдіктің шығымдылығын еселеуге сеп боларына сенімді.

КЕНЖЕ АБДУЛЛАЕВ, А.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бірінші кезекте «Дәлдік технологияны» атап өтер еді. Қазір 3 мың гектар жерге осы технологияны енгізіп жатырмыз. Бұл шығынды азайтып, өнімді екі есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Америка, Германияның озық үлгілерін Қазақстанға алып келіп жатырмыз. Оның еліміздің табиғи ерекшеліктеріне қарай бейімдеп, үлкен нәтижеге қол жеткізуіміз керек.

Өсімдіктің жаңа түрін шағыру үшін 8-10 жыл уақыт керек. Мәселен, биыл ғалымдар зерттеуге өсімдіктің 100-ден астам жаңа үлгісін жіберген. 3-4 жыл қайта егуден кейін оның тең жартысы жарамсыз болып қалауы мүмкін. Ал, 8-10 жылда бір-екеуі ғана тиімділігін танытып, өсімдіктің жаңа сорты ұсынылады.

МАРАЛ ӨТЕБАЕВ, БИОХИМИЯ ЖӘНЕ САПА ТЕХНОЛОГИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Біз майлы дәнді-дақылдар: рапс, зығыр мен күнбағыс, астықтың бидай, арпа, сұлы, жасымық сияқты бұршақ түрлерін зерделейміз. Биыл ғалымдар зертханаға өсімдіктің 100 астам түрін жіберіп отыр. Жердің құнарлылығы, аймақтардың ерекшеліктері, экологияға төзімділігіне қарай сараптама жасаймыз.

Ауыл шаруашылығы саласына сандық технологияларды енгізу маңызды. Бұл егістік алқабының ерекшеліктерін анықтап, шығындар мен қолдануға қажетті тыңайтқыштарды дәл анықтап береді. Осылайша, өнімділікті арттырып, шығындарды қысқартуға сеп болмақ.

АРДАҚ САСЫҚОВ, САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР

 Жерді пайдаланудың дәлдік элементіне жүгінеміз. Жердің картаграммасын дайындап, оның құнарын анықтаймыз. Егістік алқабына қайндай тығайтқыштар қолданылу керектігін анықтаймыз. Сонымен бірге ДЖПС технологиясын енгізіп жатырмыз.

Ғылыми-өндірістік орталықтың жұмысы ауқымды. Биотехнологиямен жұмыс, құрғақшылыққа төзімді өсімдік сорттарын зерттеу бағытында оі істер бар. Көпжылдық бидай мен мал бордақылауға арналған күздік бидайды тиімділіг ғылыми түрде дәлелденген.     

КЕНЖЕ АБДУЛЛАЕВ, А.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

8-9 миллион кектар жер бос жатыр. Ол зиянкестердің отаны. Оған көпжылдық бидай ексек....

Әлемнің 40 мемлекетіне астық жөнелтіп отырған Қазақстан экспорт бойынша 8 орында. Жылына шетелдерге шамамен 6-8 миллион тонна астық шығарылады. Бұл көрсеткішті көбейтуге мүмкіндік бар. Ол - шығымдылығы мен сапасы жоғары өсімдік түрлерін шығару.  Ғылыми-өндірістік орталық мамандарының мақсаты да осы.

БЕРІК ҚАЙДАРҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...