ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

АСЫЛ ӘЖЕМ, ҒАСЫР ӘЖЕМ...

15:39, 6 ақпан 2020

Ақмола облысында Ұлы Отан соғысының 40-қа тарта ардагері бар. Өкінішке орай, көнегөз қариялардың орны жыл санап ойсырып келеді. Бүгінгі бейбіт күннің жолында жастық шағын сарп еткен асыл ардагерлердің бірі – Қапыш Қосубаева. Бүгінде тыл ардагері 100 жасап, 20 шөбере мен 11 шөпшек сүйіп отыр.

Қапыш Қосубаева ғасыр сынақтарынан сүрінбей шөбере мен шөпшек сүйіп отырған асыл әже. Сонау 1920 жылдың 6 ақпанында дүниеге келген кейуананың жастық шағы қабырға қайыстырған ауыр еңбекпен өтті. Әкесі Мырзахмет Финляндия мен КСРО соғысында қаза тауып, боздақтың артында қалған жалғыз қызы Қапыш еңбекке араласады. Іле-шала екінші дүниежүзілік соғыс басталып, бойжеткеннің жастық шағы егіс даласында соқа тартып, масақ терумен өтеді.   

ҚАПЫШ ҚОСУБАЕВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ

Ол кездері жоқшылық. Ер азаматтардың барлығы соғысқа кетті. Елде бала-шаға қыз-келіншектер ғана қалды. Біз ол кезде мектепте оқып жүр едік. Егін басында қазанға қара су қайнатады. Соның шетінен бір шәшке алып ішеміз де, бір үзім нан тисе тиеді, тимесе соныменен жүреміз таңнан кешке дейін. Жастар біздің көргенімізді көрмесін.Ғұмырлы, бақытты болсын деймін.

100 жасаған кейуананың жан жолдасы Зұлқарнай Ақсақал да сонау 60 жылдардың соңында дүниеден өтті. 49 жасында жесір қалып, жас ортаға келгенде бір ұл, үш қызын адал еңбегімен бүгінгі күнге жеткізді. Отбасындағы бірлік пен татулықты аялап, еңбекқор, адал, кішіпейіл ұрпақ тәрбиеледі.

КҮЛӘШ ҚОСУБАЕВА, КЕЛІНІ

Өзім 20 жасымда келін болып осы кісінің босағасына келдім. Содан бері міне 53 жыл өтті.Бір-бірімізді өте жақсы сыйладық. Мен ол кісінің алдында жалаң аяқ, жалаң бас жүріп көрген емеспін. баласынан 12 немересі, 20 шөбересі, 11 шөпшегі бар. Барлығы келіп-кетіп, амандығын біліп, аунап жатып кетеді.

Қапыш Мырзахметқызы бір ғасыр жасаған санаулы қариялардың бірі. Кейуана соғыстың зобалаңын, жоқшылықтың жүгін арқалай жүріп бір әулеттің шырағын сөндірмеген асыл жан.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  ЖИҺАНГЕР МҰХАНБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...