ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АТАДАН ҚАЛҒАН АМАНАТ!

13:51, 14 мамыр 2020

 

ДИКТОР КАДРДА: Сырлы өлкенің сұлулығына сәуле себезгілеп, дамуына дем беріп отырған ағайынды азаматтар. Бұл атадан жеткен – жүгі ауыр абыройлы аманат. Социалистік Еңбек Ері Байдалы Оразалин Көкшетау мен Қараөткел жұртшылығына еңселі еңбегі, тұғырлы тұлғасымен танымал. Өзі өмірден өткенімен артында мол мұрасы қалды. Оның берік ұстанымы мен ұлағатты істерін сандықтаулықтар аңыз ғып айтады. Бүгінде ұрпақтары әкенің әуел бастағы игілікті дәстүрлерін жалғастырып келеді.     

 

ЖКС: Шуақыты күндер келіп, жер-жаһанға шырай кіре бастады. Шағын ғана Веселое ауылы да ажарланып қалған. Мен мұндалап, күмбезі күнмен шағылысқан мешіт, дәрігерлік қосын, басқа да әлеуметтік нысандар жұртшылық үшін жарап тұр. Несібесін жерден терген диқандар қауымы да тынымсыз тірлікке көшкен. Соқасын сайлап, құрал-сайманын майлап қойыпты. Алды алқапта жүр. Жалпы, егіншілік Оразалиндер үшін материалдық игілік бөлек отбасылық дәстүр.  

 

СНХ: ЕРБОЛ ОРАЗАЛИН, «БАЙДАЛЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС АГРАНОМЫ

////На русс: Социалистік Еңбек Ері, атам Байдалы Оразалиннің өмірлік жолымен мақтанамын. Ол атақты егінші, кеңшар басқарды. Әкем де ауылшаруашылығы саласында еңбек етті. Мен де осы дәстүрді жалғастырамын деп шештім. Аграрлық университетті аяқтап, агроном атандым. Бұл мен үшін өте маңызды ....    ////

 

ЖКС: «Байдалы» серіктестігі биыл 25 мың гектар егістік алқабына дән сіңіруді жоспарлап отыр. Арпа, бидай, сұлы мен майлы дәнді-дақылдардың бірнеше түрін себеді Көктемгі дала жұмыстарына 70 адам, 16 егу кешені жұмылдырылған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында машина-трактор базасын да жаңартып алдық, дейді шаруалар. Егісалды өңдеу жұмыстары мен тығайтқыштарды қосу сияқты технологиялар қатаң сақталады.  

 

СНХ: САҒДАТ ОРАЗАЛИН, «БАЙДАЛЫ»  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ             ////На русс: Егіске 100 пайыз дайынбыз. Әкеден қалған 4 ұл едік. Қазір екеуміз қалдық. Бүгінгі таңда біздің балаларымызда осы жерге келіп, еңбекке араласуда. Әрине, егіншілік біз үшін өте қымбат. Қйткені ол – отбасылық дәстүр.  ////

 

ЖКС: Ата кәсіп – мал шаруашылығын дамыту да басты назарда. Бүгінде шаруашылық иелегінде 1 мыңға жуық асыл тұқымды қой мен 15 үйір жалқы бар. Биылдан бастап ірі қара өсіруді қолға алмақшы. Қора-қопсысын дайындап қойыпты. 200 бас қазақтың ақбас сиырын сатып алған. Карантин аяталысымен қара малды жайлауға жеткізеді.

 

СНХ: БАҒДАТ ОРАЗАЛИН, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ

////На каз: 400 басқа арналған ферма салып қойдық. Карантин болып әкеле алмай жатырмыз. Біраз қойымыз бар. Өткен жылы 100 қойдан 110 қозы алдық. Осының бәрі әкемізден басталған болатын.    ////

 

ЖКС: Серіктестік елдімекендегі барлық әлеуемттік нысандарды қамқорлығына алған. Сондай-ақ, ауылды абаттандыру, көшелерді жөндеу, көшет отырғызу – ағайындылырдың мойнында. Айтпақшы, биыл ауылішілік 6 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарда бар. Берекені бастауы – ағыйынның ауыз біршілігі мен еңбектің арқасында болса керек.

 

Берік Қайдарұлы, Дархан Мүжібаев, Көкше-Ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...