ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: 2020 ЖЫЛДАН БАСТАП ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР

17:49, 13 ақпан 2020

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа моделі. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасылардың қатысуымен атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматы жайлы дөңгелек үстел өтті.

РКС: Ақмола облысында төрт жарым мың бала атаулы әлеуметтік көмек алады. 2020 жылдан бастап Президенттің тапсырмасына сәйкес, жәрдемақы беру тетігі біршама өзгерді.

ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны бірнеше есеге өскендіктен, сәйкесінше, бюджет те 3 есеге артқан болатын. Осыған орай, мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекке шынымен мұқтаж жандардың қамтылуын көздейтін өзгерістер енгізуді тапсырды. Биыл атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі кешенді шаралар 3 бағытта жүргізілмек. Біріншіден, көпбалалы аналардың кірісі есепке алынбай-ақ, арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Демек, ендігі кезекте барлығы кепілдендірілген жәрдемақы алады деген сөз. Сондай-ақ, кәсіп ашып, үйренемін деген аналарға тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Онымен қоса, шәкіртақы төленеді. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік пакет қарастырылмақ.

РКС: Жаңа өзгерістер көпбалалы аналарды қолдауды, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекті, кепілді әлеуметтік топтаманы қамтиды. Осындай өзгерістерді білуге келген жандардың бірі – Айнұр Айтжанова. Шаштараз әрі бет әрлеуші мамандығын игерген жалғызбасты ана бағдарлама аясында қайтарымсыз грант алып, өз сән салонын ашуды көздейді.

АЙНҰР АЙТЖАНОВА, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА

Қазіргі уақытта 7 айлық қызымды өзім тәрбиелеймін. 1 жасқа дейін қызыма тиісті жәрдемақы алып отырмын. Желтоқсан айында атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар тапсырып, 28 мың теңге көлемінде алып отырдым. Енді тағы үш айға құжат жинап, күтіп отырмын. Себебі, төлем әлі жүргізілген жоқ. Дегенмен, бұл азғантай соманың өзі көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға көп көмек деп ойлаймын. Себебі, көптеген отбасылар мұндай көмекке мұқтаж.

РКС: Көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін мемлекеттік жаңа жәрдемақы бұрынғыдай алты немесе он екі айға емес, тоқсан сайын тағайындалады. Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Бастысы, мемлекет бірінші кезекте балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектеседі.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...
 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...