ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК – ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

15:09, 9 қаңтар 2020


Биыл әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 5 мың ақмолалық атаулы әлеуметтік көмекке ие болады. Бұл мақсатқа 1,4 миллиард теңге қарастырылған. Айта кетейік, жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіппен беріледі. Жаңартылған форматта өтініштерді қабылдау бүгінде басталды. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев осы орайда жиын өткізіп, кепілдендірілген әлеуметтік көмектің әрбір мұқтаж отбасына уақытылы берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Өткен жылы табысын жасыру және бизнесінің болуы, атаулы әлеуметтік көмекті алу шартын бұзу фактілері анықталған болатын. Соның салдарынан биыл атаулы әлеуметтік көмек қайта есептеліп, жаңа тәртіп белгіленді. 2019 жылы облыс бойынша 9 жарым мыңнан аса ақмолалыққа 4,5 миллиард теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленсе, биыл олардың саны екі есеге дейін қысқарып отыр. ЕРМЕК МАРЖЫҚАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл атаулы әлеуметтік көмекті 5 мың отбасы алады. Ол үшін бір жарым миллиардқа жуық қаржы қарастырылып отыр. бүгінде бұл мақсатта құжаттарды қаблыдау штаттық режимде жүруде. Арыз-шағым мен ұзын-сонар кезектер де орын алып отырған жоқ. Десе де,бұл мәселені егжей-тегжейлі шешуіміз керек.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетіктері әр отбасына жеке тәсілді ұсынады. Негізгі принцип мемлекет шынымен көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі. Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмекке ие отбасылардың 4 жарым мыңына кепілдендірілген әлеуметтік пакет қарастырылған.

ҚАНАТ ЫДЫРЫСОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  

Атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаржының 195 миллионы кепілдендірілген әлеуметтік пакет ретінде беріледі. Яғни, облыс бойынша 4,5 мың отбасына тоқсанына бір рет гигиеналық құралдар, ал ай сайын азық-түлік жиынтығы беріліп отырады

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы сатып алынады. Бүгінде облыс бойынша 6 жеткізуші анықталып отыр. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев мемлекет тарапынан қолдауға ие мұқтаж жандарға кепілдендірілген әлеуметтік көмектің уақытылы берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж деген 6 азаматтан өтініш келіп түскен. Өтініштер қабылдау үрдісі әлі де жалғасуда. Сонымен қатар биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Айта кетейік, өңірде 7 жарым мың көпбалалы отбасы бар.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАХАНГЕР МҰХАМБЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

20:09, 9 сәуір 2020
Ақмола облысында Covid-19 індетін жұқтырған тағы 13 дерек ті...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...