ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА "КӨКШЕ" ТЕЛЕАРНАСЫ ХАБАР ТАРАТУ АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТТІ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАҢА ФОРМАТТА ТӨЛЕНЕДІ

12:22, 7 желтоқсан 2017

Қазіргі таңда аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер үш санат бойынша төленеді: атаулы әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы, аранулы мемлекеттік жәрдемақы. Алайда, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта төленетін болады. Бұдан былай, отбасы мүшелері ортақ бір ғана құжаттар пакетін жинап, оны тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық округтің әкіміне тапсыратын болады.    

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің артықшылығы, бұдан былай кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын емес, 50 пайызын құрайтын болады. Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі де келер жылдың 1-қаңтарынан бастап 26 пайызға артатын болады. Яғни 21364 теңгеден 28850 теңгеге дейін артпақ. Айта кету керек,  еңбекке қабілетсіз азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек ешбір шартсыз берілетін болады. Ал егер де отбасында еңбекке қабілетті азаматтар болса, оларға мемлекеттік тарапынан қолдау көрсетілетін болады.      

Еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мемлекет тарапынан жұмысқа орналастыруға қатысты көрсетілген көмектен бас тартатын болса, 3 жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырған ана және кәмелеттік жасқа толмаған балаларды есепке алмағанда, қалған отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетілмейтін болады. Айта кету керек, қазіргі таңда облыс тұрғындарына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізуге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін қала және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен 8 оқыту семинары өткізілген. Нәтижесінде, 234 ауылдық округтің әкімі, 3 қала әкімі, 80-ге жуық ауылдық округтың маманы, 110 ассистент, 120-ға жуық жұмыспен қамту орталығының мамандары оқытудан өткен.

Әйгерім Бекмағамбетова

Тақырып бойынша материалдар

VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
19:23, 21 ақпан 2018
VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:23, 21 ақпан 2018
БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН  ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ
19:23, 21 ақпан 2018
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖОҒАРЫ БАҒА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
18:11, 16 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
Толығырақ...