ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

17:35, 10 қаңтар 2020

 


Биылдан бастап көпбалалы аналар жеке санатқа шығарылды, сөйтіп, оларға  табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ал, оның көлемі отбасындағы балалардың санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңгеге дейін белгіленген. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмек пен халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында биыл қолға алынған шаралар жөнінде облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың қатысуымен өткен брифингте айтылды. Толығырақ әріптесім Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалында. 

2020 жыл бірқатар бюджеттік сала мамандары үшін жемісті жыл болмақ. Себебі, биыл 15 мыңға тарта ақмолалық педагогтың еңбекақысы 25 пайызға, 1600 дәрігердің жалақысы 30 пайызға артады. Мәдениет саласында еңбектеніп жүргендердің де еңбекақылары көтеріледі.

ҚАНАТ ЫДЫРЫСОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

5800 орташа медица қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көбейеді. Арнайы әлеуметтік көмек көрсететін 1400 әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға артады. 1800 мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Бұл мақсаттарға 17 миллиард теңге қосымша бөлініп отыр.

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету жаңа форматта жүзеге асырылмақ. Ақмола облысында 7 жарым мың көпбалалы отбасы бар. Оларға  балалардың санына қарай 42500 теңгеден 73 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жеке табыстары ескерілмейтін болады. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, олардың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері анық.  Ал, атаулы әлеуметтік көмекке биыл 5 мыңға тарта ақмолалық ие болмақ. Оларға сондай-ақ, кепілдендірілген әлеуметтік пакет қарастырылған. Яғни, облыс бойынша 4,5 мың отбасына тоқсанына бір рет гигиеналық құралдар, ал ай сайын азық-түлік жиынтығы беріліп отырады. Ең бастысы, еңбекке жарамды отбасы мүшелерін еңбекпен қамту көзделеді. Ол үшін кәсіби және технкиалық мамандықтарға оқыту және жеке іспен шұғылдануы көмек ретінде несиелеу жоспарлануда.

ҚАНАТ ЫДЫРЫСОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп отыр. Несиелеу мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды, бұған дейін 5 жыл болатын. Сыйақы көлемі 4 пайыз, ал мемлекеттік грант көлемі 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленіп отыр.

Биыл атаулы әлеуметтік көмек алатын 2700-ден астам азаматты «Еңбек» бағдарламасымен қамту жоспарлануда. Ал, егер отбасы ұсынылған жұмыстан бас тартса және бағдарламаға қатысқысы келмесе, онда атаулы әлеуметтік көмек төленбейтін болады. Оған себеп те жоқ емес. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған 400-ден астам ақмолалық отбасы өзінің нақты табысын жасырғандығы анықталған. Артық төленген 63 миллион теңгенің бүгінде 17 миллионы бюджетке қайтарылып отыр.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар