ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

16:04, 8 қаңтар 2020

 


2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге қатысты бірқатар  өзгерістер  еңгізілді. Яғни, ағымдағы жылдан бастап  атаулы әлеуметтік көмек пен көпбалалы отбасыларға жәрдемақылар  қалай есептелетін болады? Мәселенің мән-жайын осы сауалдарға жауап іздеп қайтқан әріптесім Абзал Азаматұлы баяндасын.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 7 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың барлығы жәрдемақы алады.

ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың көлемі өседі. Егер бұрын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасы 10500 теңге алатын болса, бүгінгі күні ол сома 42 495 теңгеге көтерілген. Егер отбасында  5 бала болса 53 мың, ал  6 балаға 63 мың, 7 балаға 73 мың теңгеден астам жәрдемақы беріледі. Осы айдың 5 және 6 күндерінен  бастап  жәрдемақыларды есептеу  жүріп жатыр.

Тұрмысы төмен азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тағайындалды. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті отбасы мүшелері міндетті түрде қызмет жасауы тиіс, әйтпесе барлық отбасы төлемінен айырылады. Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін тек жеке куәлікті апарсан жеткілікті, ал қалған барлық деректер жүйеден алынады.

ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Өткен жылы бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы өзгеріссіз қалды. Яғни, ол сома бүгінгі күні  20352 теңгені құрайды. Егер отбасы  мүшелері  6 адамға 80 мың теңге жалақы алатын болса, онда біз сол 80 мыңды 6-ға бөлеміз. 20352 теңгеден 6-ға бөлгендегі соманы алып тастағанда, отбасының әр мүшесіне төленетін нақты әлеуметтік жәрдемақының көлемі шығады.  

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде отбасыға кепілді әлеуметтік пакет те қоса беріледі. Бұл 1 жастан 3 жасқа дейінгі және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік. Аз қамтылған отбасылардың балалары жаппай оқумен қамту қорынан ыстық тамақ, мектепке қажетті құралдар, киім-кешек және қоғамдық көлікте тегін жол жүруге құқылы.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ОКСАНА МАТАСОВА, ДАРХАН САҒЫН КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...