ШҰҒЫЛ! КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА Толығырақ

АТБАСАР АУДАНЫ АСТЫҚТЫҢ 98 % ЖИНАДЫ

19:50, 15 қыркүйек 2020

ДИКТОР КАДРДА: Атбасарлық диқандар орақ науқанын аяқтауға жақын. Биылғы ауа-райының ерекшеліктерін ескерсек, шағымдылық жаман емес, дейді аудан шаруалары. Орташа есеппен гектарынан 10 жарым центнерден астық жиналуда. Өнімнің сапасы да көңілге қонымды. Аудандағы астық жинау ахуалымен танысып қайтқан тілші бейнематериалы.  

ЖКС: Биыл атбасарлық шаруашылықтар жалпы көлемі 424 мың гектар егістік алқабына дән сіңірген. Бүгінде оның 98 проценті орылды. Ауа-райы тосын мінез танытпаса сәрсенбінің сәтті күні маңызды науқанды толығымен аяқтаймыз, деп отыр. 384 мың гектар жерге арпа-бидай, 20 мың гектарға майлы дәнді-дақылдар себілген. Оған 17 мың гектарға жуық төрт түліктің жем-шөбін қосыңыз.

СНХ: ВИКТОР ШКУРИХИН, АТБАСАР АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

////Күзгі астық жинау кезінде ауа-райы қолайлы болып тұр. Күніне шамамен 20 мың гектар жерді орып жатырмыз. Аудан бойынша 284 комбайн, 60 трактор және 58 жүк көлігі қатысып жатыр. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр. 47 мың тонна көлемінде қажетті тұқым қоры да дайындалды.   ////

ЖКС: Бұл «Полтавка-2» шаруашылығының егістік алқабы. Биыл 12 мың гектар жерге дән сіңіріпті. Өнімдігі жоғары 15 дала кемесі егін оруды бар-жоғы 2 аптаның ішінде еңсерген.    

СНХ: НИКОЛАЙ БЕЛОБРОВ,  СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ

////Орташа есеппен гектарынан 16 центнерден өнім жинадық. Жалпы күзгі орақ науақына 150 адам жұмылдырылды. Ауа-райы қолайлы болды. Ауданның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында  әлеуметтік салаға аса мән беріп отырмыз.Алда үлкен жоспарлар бар. Бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі маңызды.      ////

ЖКС: Биыл селолық округ «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына еніп отыр. Осының арқасында Полтавка мен Титовка ауылдарының жолдары жөнделмек. Жергілікті серіктестіктің қолдауымен қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Штаттық режимде істеп жатқан мектеп пен ауылдың мәдениет үйі де күрлі жөндеуден өтпек. 

СНХ: ЛӘЗЗАТ ҚОЖАХМЕТОВА, ПОЛТАВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

////Жергілікті мектеп өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынған. Содан бері құрылысшы қалағы тимеген. Қазір құжаттары әзірленіп жатыр. Сонымен бірге 2 қабатты мәдениет үйін де жөндейміз. Ал, жергілікті фельдшерлік-акушерлік қосын осыдан 2 жыл бұрын күрдеоі жөндеуден өткен.   ////

ЖКС: Жоспар ауқымды. Ел бесігіне бөленген әрбір елдімекенде осындай берекелі істер атқарылып жатса, киелі мекен көгере түсер еді...

Берік Қайдарұлы, Ермек Махметов, Көкше-Ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
18:25, 22 қазан 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ SMS АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА
18:25, 22 қазан 2020
КЕЗЕКШІ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...