ШҰҒЫЛ! ШЫТЫНАҒАН ШЫҢЫЛТЫР АЯЗ 45°-ҚА ДЕЙІН ЖЕТЕДІ Толығырақ

АТБАСАРДА 45 ПӘТЕРЛІ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРЕДІ

19:36, 18 мамыр 2017

Атбасар ауданындағы бірнеше елдімекенді су басу салдарынан келген шығын көлемі алдын ала есеп бойынша 6 жарым миллиард теңгні құрап отыр.

Атбасар ауданындағы  бірнеше елдімекенді су басу салдарынан келген шығын көлемі алдын ала есеп бойынша 6 жарым миллиард теңгні құрап отыр. Естеріңізге салайық, сәуірдің ортасында Жабай өзені тасып, аудан бойынша 650 нысанды қызыл су басқан болатын, бүгінде оның 467-сі апатты деп танылып отыр. 168 тұрғын үйге түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Арнайы сарапшылардың есебі бойынша ол үшін 165 миллион теңге  қажет. Бүгінде атбасарлықтарға бүкіл ел болып көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр. Су басқан аймақтардың бүгінгі ахуалы қандай?! Зардап шеккен көпшілікке қандай қолдау болады? Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құралған топ Атбасарда болып жағдаймен танысты.

Су апатынан зардап шеккендердің бірі Наталья Шумилинаның отбасы. Олардың өз күштерімен салған жаңа үйге кіргендеріне 3-4 жылдың жүзі болған. Тілсіз апат оларды да айналып өтпеді.

Атбасарда төтенше жағдайдың салдарын жоюға байланысты жұмыс қызу жүріп жатыр. Үй-күйсіз қалған тұрғындарға әлі де болса, көмек көрсетілуде.  Арнайы құрылған штаб та жұмысын өз деңгейінде жүргізуде. Мұнда әлі де болса қолдарына үйлерінің апатты деп танылуы жайында құжатты рәсімдеу үшін келіп жатқандар бар.

Маусымның бірінен бастап Атбасарда 45 пәтерлі 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. Оған Атбасар қаласы мен Полтавка, Покровка,Борисовка және басқа да апат орын алған ауыл тұрғындары көшірілетін болады.

Жаңа пәтерден үміттілердің бірі Светлана Любицкая. Ол бүгінде қарт анасы және екі баласымен жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Оның айтуынша, зардап шеккендерге жан-жақтан көп көмек көрсетілуде.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб құрылған болатын. Бүгінде оның жұмысы облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің  бақылауында тұр.

 

Бибінұр Әмірханқызы, Бауыржан Смағұлов 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
19:24, 23 қаңтар 2018
ЖАРҚАЙЫҢДЫҚТАР МАЛ БАСЫН ЕСЕЛЕУГЕ НИЕТТІ
Толығырақ...
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
19:23, 23 қаңтар 2018
ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІКТІ ЕНДІ СМС ХАБАРЛАМА АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар