ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

АТБАСАРДЫҢ АСТЫҒЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

17:19, 7 қараша 2019


Атбасар ауданының диқандары орақ науқанын жоспарға сай аяқтап, 410 мың тонна астықты қамбаға құйды. Бұл рекорд болмағанымен биылғы маусым үшін жоғарғы көрсеткіш. Өйткені шілде шіліңгір ыстығымен ерекшеленді, сондай-ақ, дәл орақтың алдында толлассыз жаңбыр жауып, диқандарды біраз алаңдатып қойған еді. Абырой болғанда, ауылшаруашылығы қызметкерлерінің жұмыла жасаған жұмысы оң нәтиже берді.    

Атбасардың бұл элеваторы сонау 60-шы жылдары салынған. Тың игеру кезеңінен бастап, талай тарихи оқиғаның куәгері болып келеді. Атбасардың атақты астығын әлемнің түпкір-түпкіріне жөнелткен. Күз келгенде қырманға да жан кіреді. Қазір жұмыс қауырт. Биыл элеватор 130 мың тонна астық қабылдап үлгеріпті.

ӘБДІРАХМАН САРБАСОВ, ЭЛЕВАТОР ДИРЕКТОРЫ

Элеваторымыз толық. Күніне 1 жарым-2 мың тонна астық жөнелтеміз. Қыркүйек-қазан айларынлда 60 мың тонна астық жібердік. Сапасы әртүрлі. Күздегі толлассыз жаңбырдың салдарынан масақтағы астық көктей бастады. Бұл сапаға кері әсерін тигізді. Қазір 5 класты бидайды еліміздің оңтұстік өңірлері мен Өзбекстанға жіберіп жатырмыз. Ал, арпаны Ақтау порты арқылы Иранға жібереміз.

Элеваторға атбасарлықтармен қатар көршілес Жақсы, Сандықтау аудандарының диқандары да астықтарын тасымалдап жатыр. 120 адам 3 маусыммен, күні-түні еңбек етеді. Басты мақстат – алқаптан жеткен ырысты ысырап етпей, кептіріп, сұрыптап алу. Дәнді-дақылдардың сапасын бірден анықтайтын зертхана да өткен жылы жаңартылыпты. Айналдырған 6 минуттың ішінде астықты зерттеп береді.

Жалпы аудан бойынша биыл 425 мың гектар егістік алқабына дән сіңірілген. Орташа есеппен гектарынан 10,7 центнерден астық жиналды. Барлығы 407 мың тонна.

АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

7 қазан күні күзгі астық жинау науқанын аяқтадық. Қазір жиын-терін жұмыстары жүріп жатыр. Элеваторларға тапсыруда. Тұқым қорын әзірлеп қойдық. Қажетті 47 мың тонна тұқым 100 пайыз дайын.

Орақ науқанын ойдағыдай аяқтаған атбасарлықтар сабантойын өткізіп, жақын арада көктемгі егіске дайындықты бастаймыз деп отыр.

БЕРІК ҚАЙДАРҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...