ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

АУДАН АУРУХАНАСЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

13:24, 2 маусым 2020

 

 

ДИКТОР КАДРДА: Елу жыл күткен елеулі жаңалық. Астрахан аудандық арухананың күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. «Еңбекпен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазынадан1 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлініп, емдеу мекемесі қайта жөндеуден өтіп жатыр. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, нысан жыл соғына дейін пайдалануға беріледі. 

 

ЖКС: Қауіпті дерт жер-жаһанды жайлаған тұста медицина саласына көңіл бөлу заңдылық. Бұл мемлекет қамқорлығы. Толықтай бір аудан, яғни 23 мың адамға қызмет көрсететін аудандық аурухана жұмысы қайта жаңғырмақ. Хирургия, терапия, бала туу бөлімі сияқты 6 бөлімшедеден тұратын аурухана 6 айдан соң есігін айқара ашпақ. Әзірге аудан жұртшылығы Жалтыр кентіндегі бөлімшеде ем-дом қабылдап жатыр. Мәселе де жоқ емес. Бірінші кезекте медицина мамандарының тапшылығы. Қазір ауруханада 36 дәрігер қызмет көрсетсе, тағы 7-10 маман жетіспейді.     

 

СНХ: ЕЛУБАЙ ҚҰРМАНОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

////На рус: Өз уақытында қолға алынған шара. Пандемия кезінде аурухананың қуаты артады. 3 қабатты ғимарат, жұқпалы аурулар бөлімшесі жөнделеді. «Еңбекпен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1 миллиард теңгеге жақын қаржы бөлінді.  Дәрігерлер жетіспеушілігі бар. Біз мәселені шешу жолында бос орындар жәрмеңкесіне қатысамыз. Дәрігерлер үшін әлеуметтік пакеттер, жалдамалық қызметтік баспана қарастырылған. Негізі қызуғышылық бар. ////

 

ЖКС: 68 емделушіге шақталған негізгі ғимарат, емхана, жұқпалы аурулар бөлімшесі толықтай күрделі жөндеуден өтеді. Есік-терезесі ауыстырылып, аурухана аумағы абаттандарылады. Электр және кәріз жүйесі жаңартылады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына 75 адам жұмылдырылған. Мердігер – «Көкше-Автоматика» компаниясы өкілдерінің айтуынша, жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындар тартылған.  

 

СНХ: РҮСТЕМ НҰРАЛИН, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ

////На каз: Бүгінде демонтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды. Жоба 10 айға жоспарланған. Бірақ біз желтоқсан айында пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс мерзімі толық сақталады. Жергілікті аядамдар жұмыспен қамтылады. Негізгі құрылыстар басталғаннан кейін 200 адамға дейін жұмыспен қамтылады. ////

 

ЖКС: Адамдар ауырмасын, әрине! Бірақ, жаурыны құрсып, желкесі тырсып, дәрігер көмегіне жүгінгендер жыл соңында жұмысы жаңаша жанданған мекемеге келеді. Қазір құрылыс нысанында «Еңбекпен қамтудың жол картасы» шеңберінде 93, жалпы 150-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарына жастар, еңбекке жарамды мүгедектер мен зейнет жасына жақын астрахандықтар да бар.

 

Берік Қайдарұлы, Дархан Мүжібаев, Көкше-Ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...