ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

АУДАН ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

18:19, 14 қаңтар 2020

Атбасар ауданы 2019 жылды тұрақты макроэкономикалық өсім көрсеткіштерімен аяқтады. Аудан әкімі Аманбек Қалжанов осылай мәлімдеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен арнайы брифинг барысында Аманбек Әмірхамзаұлы өткен 2019 жылдың қорытындыларын жариялап, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарымен бөлісті.

Атбасар ауданының салық түсімдері 114 пайызға артып, 4 млрд. теңгені құраған.  Көш басында – аграрлық сала. Атбасарлық шаруалар өндірген өнімнің жалпы құны 36,5 млрд. теңге, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге жоғары. Өзге де салалар бойынша ауданның экономикалық өсімі тұрақты.

АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Атбасар ауданы 2019 жылды нәтижелі макроэкономикалық көрсеткіштермен аяқтады. Өнеркәсіп саласы 103,1 пайызға, ауылшаруашылығы 121 пайызға,  бөлшек тауар айналымы 102 пайызды құрады. Орташа айлық жалақы 2018 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға жоғарылап, 126,5 мың теңгені құрап отыр.

Ағымдағы жылы жалпы құны 2 млрд. теңгені құрайтын, инвестициялық 8 жобаны жүзеге асыру көзделген. Өңірде құс етін өңдеу, астық жармаларын әзірлеу, мал бордақылау бағыттарында жаңа кәсіпорындар ашылмақ. Атбасар электровоз-жөндеу кәсіпорнының қуаты 15 пайызға артып, өнім көлемі 10 млрд. теңгеге жуықтаған. Өңірде 2 жарым мың шағын және орта бизнес нысандары қызмет атқарады. Экономикалық өсім – әлеуметтік қамсыздандырудың алғышарты. Атбасар әкімдігі, әсіресе, тұрғын үй құрылысы бағытында қарқынды қызмет атқаруда. Өткен жылдың алғашқы жартысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамту ісі аяқталып, барлығы 495 пәтер үлестірілді. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында әрқайсысы 45 пәтерлі екі тұрғын үй көпбалалы отбасыларға берілмек. Аманбек Қалжанов журналистерді табиғи апаттың алдын-алуға бағытталған қызмет барысымен де егжей-тегжейлі таныстырды.

АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жыл сайын өңір бюджетінен өзен аңғарын құбатал, қамыстан тазартуға, көктемгі уақытта өзен сеңін жарылғыштармен қопсытуға қаржы қарастырылады. Бұл қызмет биыл да тиісті деңгейде атқарылатывн болады. Жабай өзенінің бойында орналасқан ауылдарға бөгет салу, жол бойында су өткізу орындарын жабдықтау жұмыстары да жүргізілді. Сондай-ақ, өзен түбін лай, саздан тазартуға бағытталған жобалық-сметалық құжат әзірленіп, республикалық сараптамаға жолданды. Жоба құны 23 млрд. теңге. Егер, тиісті жоба мақұлданып, қаржы бөлінсе, бұл жұмыс 2020-222 жылдар аралығында атқарылатын болады.

Аудан орталығының тұрғын үй-коммуналдық саласында да түбегейлі өзгерістер орын алмақ. Бүгінгі таңда Атбасар қаласында 27 жылу беру қазандығы қызмет атқарады. Бірер үйді жылытып, бүтін қалаға лас ауа таратқан мұндай нысандарды әлдеқайда тиімді жаңа үлгідегі 5 қазандыққа алмастыру жоспарланыпты. Өңірде 68 шақырым жолға ағымдағы, 57 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалған. Десе де ауданның шалғай ауылдарында жол мәселесі өзекті. Есенгелді мен Шұқыркөл ауылдық округтері көршілес елді мекендермен бір әкімшілік аймаққа біріктіріліпті. Ауданның білім ошақтарына 33 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылып, 15 млн. теңгеге 7 мектепте жаңа жылу қандықтары орнатылды. Медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтуға 80 миллион теңге жұмсалған. Биылғы жыл Атбасарды 175 жылдық мерейтойымен сүйіншілемек. Айтулы мерейтойға әзірлік жұмыстары да қолға алынып отыр.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, ШОҚАН ТӘУКИЕВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...