ШҰҒЫЛ! ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛҒАН ЖАС СУРЕТШІ Толығырақ

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАҒА ҚОЛДАУ

19:06, 30 шілде 2020

ДК: Ерейментаулықтар өңір дәрігерлеріне қолдау танытуда. Өңірдегі «Ереймен күрес клубы», «Сарыадыр» көмір кеніші,  «Дәулеттен» қайырымдылық қоры, ауыл шаруашылығы нысандары мен бизнес өкілдері игі бастамаға өз үлесін қосып, 5 млн.300 мың теңгеге демеушілік еткен. Аудан әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалы «Халыққа көмек» жобасы асында ізгі іске үлес қосқан өңір азаматтарына алғыс білдірді.  

РКС: Ерейментаулық кәсіпкерлер медицина қызметкерлеріне ауадай қажет құрылғы 6 оттегі концентратын, 30-дан астам пульсоксометр сыйлаған. Енді біреулері қаржылай қолдау жаса, тіпті дәрігерлерге сорпалық мал сойып, қамқорлық қылған шаруалар да бар.  Ел басына күн туған эпидемиялық жағдайда жауапкершілігін сезіне білген өңір кәсіпкерлеріне аудан басшылығы алғыс білдірді.

Интершум. аудан әкімі марапаттайды

РКС: Қазіргі таңда облыс аумағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Ереймен өңірінде де карантин талаптарын сақтауды қадағалайтын мониторингтік топ қызмет етуде.  Аудандық орталық ауруханасының мамандары өңір кәсіпкерлері мен жергілікті әкімдіктің қолдауы қызметімізге қолғабыс болды деп отыр.

СНХ: МАРАЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ///АУДАРМА///  Өз көмегін ұсынған барша кәсіпкерлерге, өңір тұрғындарына алғыс білдіремін. Аудан әкімдігі тарпапынан үлкен қолдау көрсетілді. Өңір басшылығы бізге оттегі жеткізуге, ғимаратты жабдықтап, мекемені көлікпен қамтамасыз етуге жәрдемдесті. Аудандық аурухана демеушілер көмегі арқылы 30-дан астам пульсоксометр, 6 оттегі консентраторымен жабдықталды. Қажетті дәрі-дәрмек антикогулянттар мен стеройдтар сатып алынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан да гуманитарлық көмек келіп жатыр. 

РКС: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудандық аурухананы өкпені жасанды желдету құрылғысымен қамтамасыз еткен. Аудан әкімі Абай Әлжанов медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған шаралар жалғасын табады деп мәлімдеді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ.  «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
19:37, 22 қыркүйек 2020
ҚАЗАН АЙЫНА АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар