ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

АУДАННЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 19 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

15:20, 17 қаңтар 2020

Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен  жылдың қорытындысына арнап брифинг өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі Бурабай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсім көрсеткіштері жайлы баяндады.

Аудан басшысы өз есебінде бюджет қаржысының игерілуі, инвестиция, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту бағытында атқарылған істерге кеңінен тоқталды. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданға тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 33,9 млрд теңгеден асты. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 46,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығы саласында 13, өнеркәсіп саласында 4 цех ашылды. Құрылыс саласында 27,3 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1733 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл өтініш бергендердің 80,4 пайызын құрайды. 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен бір жарым мыңнан астам адам қамтылды. 2019 жылы тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрады. Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бүгінгі күні 5081 шағын кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі артты. Олар 1451 жаңа жұмыс орнын құрды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен.

Бурабай ауданында былтыр 135 орындық интернатымен бірге 800 орындық жаңа ІТ-мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жалпы сомасы 52,3 млн теңгеге материалдық-техникалық база нығайтылды. 11 мектептің жиһазы жаңартылып, 8 мектепке технологиялық жабдық, 5 мектепке спорттық инвентарь сатып алынды. Ауданда жол жөндеу мен су құбырлары мәселесі де өткір болып отыр. Аудан әкімі оларға жеке тоқталып өтті.

ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жол жұмыстарына қатысты біз 2025 жылға дейін құрылыс және күрделі жөндеу бойынша «Жол картасын» әзірледік. Ағымдағы жылы қалалық жолдарды орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 428 млн теңге бөлінуде. Қазіргі таңда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша неміс компанияларымен жұмыс жүргізудеміз. Жол жөндеу мен салу жұмыстары 1,9 миллиард теңгеге жоспарланған. Бұл жұмыстарға көшені жарықтандыру мен тротуар салу, ағызу канализацияларын орнату да кіреді. Сондай-ақ, биыл біз жергілікті бюджеттен су құбырларын күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 28 млн. теңге бөлдік.

Экономикалық дамудың жаңа моделіне тоқталған аудан басшысы бірқатар салаларда ілгерілеушілік барын айтты. Өткен жылы 16 туризм нысанының құрылысы жалғастырылды. Олардың инвестиция көлемі 19 млрд. теңгеден асады. Сондай-ақ, Әсет Азаматұлы биылғы жылдың жоспарымен де бөлісті. Алдағы уақытта аудан орталығында ірі жеті жоба жүзеге аспақ. Тиісті деңгейде жұмыстар атқарылып, жоспар көрсеткіштерін жоғарылатуға бар күшімізді саламыз,-дейді аудан әкімі.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...