ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

20:12, 11 тамыз 2020

ДК: «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясының ауқымы кеңеюде. Нәтижесінде  еліміздің барлық медицина мекемелері қайырымды жандардың қолдауына ие болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен бүгінде Ақмола облысындағы аудандық ауруханаларына оттегі концентраторлары тегін таратылуда.

РКС: Оттегі концентраторы індеттің кесірінен тынысы тарылып, дем жетпей жатқандарға таптырмас аппарат. Ол сондай-ақ, өкпе демікпесі  мен жүрекке ауа  жетіспеушілігіне шалдыққан ауыр жағдайдағы жандарға қажет. Бурабай ауданы дәрігерлерінің айтуынша, соңғы екі аптада науқастар саны біршама азайған. Қайырымдылық акциясы аясында ауданның емдеу мекемелеріне 19 оттегі концентраторы берілді.

СНХ: ҚУАНЫШ СӘБИТ, НАУАН ХАЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ/// Қаз./// Осыдан бір ай бұрын бәрімізге белгілі болғандай Қазақстан мұсылмандар діни  басқармасының бастамасымен «Өмірге үміт» сыйла акциясы басталған еді. Акция аясында бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша 163 оттегі конценттарты  таратылды. Бурабай ауданына біз 19 оттегі концентраторын  әкелдік. Ауруханаларға тараттық.///

РКС: Бүгінде Ақмола облысының провизорлық және инфекциялық орталықтарына көмек көрсету әлі де жалғасады.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ,  ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, АЙЖАН СЕЙІТКАЗИНА, КӨКШЕ АКПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...