ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛЕДІ Толығырақ

АУЫЛ АРАСЫНА ҚАТЫНАЙТЫН ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

19:40, 29 шілде 2020

Диктор кадрда: Зеренді ауданына қарасты Қызылсая – Қонысбай  ауылдарының арасына қатынайтын тас жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жол азабын жылдар бойы тартып келген ауыл тұрғындары бұл бастамаға ризашылықтарын білдіруде.

СНХ:ДӘРІБАЙ НУБАЕВ, С.СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ қаз. /Көкшетаудан Қызылсаяға дейін өте қиын еді жолымыз. Шұңқыр-шұңқыр, кешегі совет үкімет кеткелі бері 30 жылда бір рет те жөндеу көрмеді. Ауырған адамдар болады. Қызылсая, Бектесін, Қызылағаш, Елтай, Қараөзек бәрі осы жолмен жүреді. /

СНХ: ЖҰМАБЕК ШӘРІПОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  қаз. /Жол салынып жатыр, көптен күткен нәрсе. Бұл бізге өте қажет нәрсе еді. Қуанып отырмыз. Жауын-шашын, боранда жүру өте қиын болатын. Рахмет./  

РКС: Жол жөндеу жұмыстары шілде айының ортасында басталған. Мердігерлер күн райы қолайлы болса тамыз айының соңына дейін аяқтаймыз,- деп отыр. Жоба екі жылға жоспарланған.

СНХ: АҚЫЛБЕК БЕКМАҒАМБЕТОВ, С.СЕЙФУЛЛИН СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ///қаз.///Ауылды жерде тұрған соң не керек? Алдымен су, жарық, жол керек. Сейфуллин, Қызылсая, Бектесін, ауылдарының жол мәселесі өте өткір болып келген. Бұл жолды көп жылдардан бері шеше алмай келдік. Әрбір өткен сходтарда жыл сайын осы мәселені көтеретін халық. Аудан әкімінің тапсырмасы бар, Қызылсая ауылының әкімі және маған күнде барып, жолдың сапасын тексеріңдер деген. Неге? Өйткені жолдың сапалы болғанын әркім тілейді. /

РКС: Жолдың ені 6 метр, асфальттың қалыңдығы 7 сантиметр болады,- дейді мердігерлер.

СНХ: ЕВГЕНИЙ БУШ, «КӨКШЕТАУ ЖОЛДАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ШЕБЕРІ///на русс.// Жолдар суық ресайклинг технологиясы бойынша жаңартылуда. Мұның басқа технологиялардан  айырмашылығы сапасында, яғни, қаттылығында. Ауыр жүк көліктеріне шыдас береді. Ең бастысы асфальт бетон жабындысын дұрыстап төсеу керек. /

РКС:  Жөндеу жұмыстары кезінде Сәкен Сейфуллин ауылының 4 тұрғыны уақытша жұмыспен қамтылған. Екі адам күзетші, тағы екеуі жұмысшыларға ас әзірлейді.  Қызылсая – Қонысбай ауылдарын жалғайтын тас жолдың жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 962 млн. теңге қаржы бөлінген. Айта кетейік, 30 шақырым жолдың биыл 22 шақырымы жөнделеді деп күтілуде. Қалған 8 шақырымы келер жылы жаңартылмақ.

М.АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
20:12, 11 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
АУРУХАНАЛАРҒА  ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
20:12, 11 тамыз 2020
АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...