ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ ХАЛҚЫ АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛУДА

19:29, 13 тамыз 2020

ДК: Шортанды ауданының халқы жаппай жұмыспен қамтылуда. Жергілікті мамандардың мәлімдеуінше, осы жылғы жоспар аясында 900 адамды еңбекке баулу көзделсе, бұл көрсеткіш артығымен орындалды. Яғни, 980 тұрғын уақытша жұмысқа орналастырылған.   

РКС: Шортанды ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы 3 бағытта іске асуда. Бірінші мен екінші бағыт қысқа мерзімдік курстар мен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналса, 3-ші бағыты еңбек нарығын ілгерілетпек.  Дәл осы бағыт аясында аудан халқы ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылуда.

СНХ: ЕРБОЛАТ ЖАПАРОВ, АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: /рус/ В Годовой план по ним в плюсом вантикризисных мер сосытавляет 170 человек. На данный момент 150 человек уже напвравлены. 40 человек трудоустроены. И продолжается до конца года. Так же у нас реализуется программа дорожная карта занятости. На данный момент у нас 12 проектов реализуется. +Финансиврование идет из разных источников. + Из 12 3 идут к завершению.....Осы мақсатта кризиске қарсы шаралар қолға алынып, 170 адамды жұмысқа тұрғызу жоспарда бар. Бүгінде соның 150-не жолдама берілді. Ал, 40-ы еңбекпен қамтылды. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасады. Сондай-ақ, бізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 12 жоба іске асуда. Оның 3-уі аяқталуға жақын.  

РКС: Олардың бірі, Жолымбет ауылындағы арнайы медициналық әлеуметтік мекеме. Ғимараттың кәріз жүйесі мен қоймалары  күрделі жөндеуден өтіп, көлеңкелі шатыр орнатылған. Бүгінде бұл жұмыстардың 90 проценті орындалған. Сондай-ақ, аяқталуға шақ қалған жобалардың бірі  аудан орталығындағы № 1 орта мектеп. 1969 жылы салынған мектептің бүгінде кіре-берісі, спорттық және акт залдарының шатыры күрделі жөндеуден өтіп, ғимараттың терезелері ауыстырылған. Мамыр айында басталған бұл күрделі жөндеу жұмыстарына аталмыш бағдарлама аясында шортандылық тұрғындар уақытша жұмыспен қамтылған. Солардың бірі  - Сейфолла Қайролла. Ол мектепті күрделі жөндеу барысында түрлі қара жұмыстарға тартылған.

СНХ: СЕЙФОЛЛА ҚАЙРОЛЛА, ЖҰМЫСШЫ: /рус/ Работал в Астане.+То что карантин город закрыли. Пришлось приехать в поселок. И получилось такая возможность выйти сюда.+Ну хорошая возможность в это время.+ прорекомендовали эту работу.+Зарпалата 85 с подоходным и налогом. Задержек нет.....Астанада жұмыс істедім. Карантин басталған соң қаланы жапты. Мен ауылыма оралып, осы жұмысқа орналасуға мүмкіндік алдым. Жұмыспен қамту орталығының ұсынысымен. Айлығым 85 мың. Уақытылы беріп жатыр.

РКС: «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында уақытша жұмысқа 223 адамды тарту жоспарланған. Соның 50 проценті аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы іске асуда. Яғни, 118 адамға уақытша жұмысқа орналасуға жолдама берілген.

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...