ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ ӨСТІ

12:43, 14 қаңтар 2021

ДИКТОР: Азық-түлік бағасы соңғы айларда айтарлықтай өсті. Әсіресе, кейбір ауыл шаруашылығы  өнімдерінің бағасы аспандап тұр. Аграрлы өлке Ақмолада неге мұндай баға? Тіпті өңірлік өнімнің бағасы импорттық тауармен  бірдей. 

РКС: Ақмола аймағында ірі құс фабрикасы мен көптеген май зауыттары бар. Соған қарамастан Көкшетауда жұмыртқа, өсімдік майы, сүт өнімдері мен жарма түрлерінің бағасы шарықтады.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///рус/// Бағаның біршама өсуі байқалады. Бұл кей жерлерде  тасымалдың дұрыс жүрмеуінен болуы мүмкін, тиісінше, жеткізушілер бағаны көтереді. Облыс аумағынан тыс өлкелерде шығарылатын тауарларға өндірушілер бағаны көтереді. Мәселен, күнбағыс майын өндіретін Өскемен май зауыты өнімін 600 теңгеден жоғары бағамен ұсынуда. Тиісінше, бұл дүкен сөресіндегі бағаға әсер етуде.

РКС: Сатушылардың айтуынша, бағалар, ең алдымен, өндірушілерге кейін жеткізушілерге байланысты. Мысалы, сиыр еті нарыққа килограмы 1 500 теңгемен жеткізілуде. Ал базарда 1 800 теңгемен саудалануда. Ал өсімдік майының құны көкшетаулықтар арасында үлкен резонанс тудырды.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ  ОРЫНБАСАРЫ ///рус ///Облыстағы май өнімдері шикізат түрінде экспортқа бағытталған. Сондықтан біздің өңірде өсімдік майының таза тамақ өндірісімен Сандықтау, Атбасар аудандарының кәсіпорындары айналысады. Аршалыдағы "Еңбек-1" өндірісі , Зерендідегі "Блиц-Терминал" серіктестігі. Бұл дайын өсімдік майын өндіретін кәсіпорындар. Бұлардың  бағасы   өсуде, бірақ нарықта айтарлықтай үлесі жоқ.  

РКС: Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы атап өткендей, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Дегенмен, олар рұқсат етілген шекті бағалардан асыра сатқандарды анықтаған.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ДАРХАН МУЖУБАЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...