Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өз бастауын алды

17:40, 18 наурыз 2017   289

Жылдағы дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өз бастауын алды. Алғашқысы Наурыз мейрамына арнайы ұйымдастырылды. Тұрғындар мерекелік дастархан жаю үшін тиімді бағамен азық-түлік сатып алсын деген ниетпен өз өнімдерін Ақкөл, Атбасар, Еңбекшілдер, Сандықтау аудандарының және Көкшетау қаласының тауар өндірушілері көпшілікке ұсынды.

Жәрмеңке жұмысы таң сәріден қызды. 50 тоннаға жуық ет өнімдері, 12 тоннадай сүт өнімдері. 215 мың дана жұмыртқа. Бұл сауда мерекесіне жеткізілген азық-түліктің бір парасы ғана. Жалпы 55 түрлі тауар саудаға шығарылған.

Жәрмеңкенің басты артықшылығы - бағаның төмендігі. Азық-түлік нарықтық құннан 15-20 процентке төмен саудаланды. Тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз сатып, табыс тапты. Ал тұрғындар қажеттісін сатып алды.

Жәрмеңкеде жалпы құны 95 миллион теңге болатын өнімдер саудаланды. Сондай-ақ, шара шеңберінде аудандар Көкшетау қаласының әлеуметтік аз қамтылған бірнеше отбасына азық-түлік үлестірді. Тұрғындар тарапынан осындай жәрмеңкені айына кем дегенде бір рет ұйымдастыру ұсынылды. Бұл тілек алдағы уақытта қарастырылмақ. 

Ермек Елберген

 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75