ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

АУЫЛ ТУРИЗМІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢ

16:10, 18 қараша 2020

ДК: Қорғалжын ауданындағы Өркендеу орта мектебі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Самат Мамырайымов шәкірттерін шыныққан шымыр етумен қатар туған өлкенің тарихын тануға да үйретіп жүр. Сондай-ақ ол ауыл туризімінің көкжиегін кеңейту жолында үлкен ізденіс үстінде.

Стендап: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР /Қоржалжынның тарихы батыр бабалар дәстүрімен жалғасуда.../

РКС:   Самат Мамырайымов туған өлкесінің тарихын сонау бала кезінен аталардың ауызынан естіп, өскен азамат. Нұра өзенінің жағасында балық аулап, осы төңіректегі беймәлім мазарлар мен өзге де жәдігерлерді көзбен көріп, қолымен ұстай жүріп, өткенге көзжүгіртті. Оған қоса туған жердің тамаша табиғатын Қорғалжын мемлекеттік қорығына келетін туристерге көрсетуді қолға алды.

СНХ: САМАТ МАМЫРАЙЫМОВ, ҰСТАЗ-ӨЛКЕТАНУШЫ /Біздің ауылдың маңынан Абылайдың қара жолы өтеді. Оның тарихын облыс орталығының өлкетанушылары зерттеп, екі рет экспедицияға шықты. Мен өзім туризмді дамыта отырып, туған мекенімнің тарихын көпшіліккке жеткізуді мақсат тұттым. Біз тұрған Қаныкей ана мазарының тарихы сонау 17 ғасырдан басталады. Жоңғар шапшыншыларына қарсы күрескен әке-ағаларының жолын қуған анамыздың батырлығы аңызға айналды. Ол кісі өзін құл етіп алғысы келген Жоңғар батырын жарып өлтірген. Осыдан-ақ қазақ әйелдерінің батырлығын сезінер едіңіз./

РКС: Өркендеу ауылы жергілікті туризмді дамытуға өте қолайлы. Осынау игілікті істі алғашқылардың бірі болып қолға алған Самат Мамырайымовтың жоспары ауқымды.

СНХ: ҚАЛДЫБАЛА ЖОЛДЫБАЕВА, АМАНГЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ /ауыл туризмін дамытуды алғашқы болып қолға алған  ұстаз Самат Мамырайымовтың қадамы жақсы. Оның жоспары да өте кең. Бір өкініштісі Өркендеу ауылында ауыз су проблема болып тұр. алдағы уақытта бұл мәселе шешілсе, туристерді ұялмай тартуға болар еді.  /

РКС: Ұстаз әрі өлкетанушы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаты ауыл туризмінің ауқымын кеңейту жолында арнайы бағдарлама жасады. Ол жүзеге асса Өркендеу ауылының тамаша табиғатын тамашалауға алыс-жақын шетел туристерінің де келері күні алыс емес.

Қ.МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

       

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар