ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

АУЫЛДА СУ ТАЗАРТАТЫН БЛОК-МОДУЛЬ ОРНАТЫЛДЫ

19:20, 14 қазан 2020

ДИКТОР: Жақсы ауданындағы Терісаққан ауылының ауыз су сапасын жақсарту мақсатында эксперимент жасалды. Елді мекенде ауыз суды тасымалдайтын және тазартатын  біріктірілген   блок-модуль  іске қосылды.  Артықшылығы сол – ол кәдімгі ашық құдыққа қарағанда ауылды көлемі көп және сапалы су көлемімен қамтамасыз ете алады.

РКС: Терісаққан ауылында бұған дейін  2 құдық орнатылған. Алайда ол ауыл тұрғындарын қажетті су мөлшерімен қамтуға қауқарсыз болды. Сондықтан  бұл жолы тиімд шешім қабылданып, тәжірибе жасап көру ойластырылған. Жаңа блок-модуль  жақсы нәтиже берсе, ол өзге де елді мекендерге орнатылады.

СНХ: ӘМІРЖАН МӘЖИТОВ, ТЕРІСАҚҚАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ/// ҚАЗ// Осы мәселе қоғамдық кеңесте қаралды. Біздің алдымызда екі сұрақ болды. Ауылдың шетінен құдық қазу немесе осы жерге су тазалайтын фильтр қою. Ауылдық кеңес отырысында шешім қабылдап, су тазалайтын фильтр қоятын болып шештік.  Бұл шешім дұрыс болды.  Осы  проектты бірінші болып біз қойып жатырмыз.

РКС: Нысанды елордалық мердігер компания салған. Оның құрылысына аудан бюджетінен 12 млн  теңге жұмсалды.  Ауылда   332  тұрғын бар.  Олар  сапалы әрі жеткілікті сумен қамтылғанына қуанышты.

СНХ: ЕРКЕНАЗ  ДОСАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ/// ҚАЗ///  00:23  Бұлақ көрсең, көзін аш деп айтқандай, осындай игі бастамаға қолдау білдірген облыс әкімі  Ермек Боранбайұлына,  және Жақсы ауданының әкімі  Бауыржан  Бағдатұлына ел  болып алғыс білдіреміз. Осындай игі бастамалар әрі қарай да жүзеге асып, ауылымыз, ауданымыз, облысымыз, жалпы  мемлекетіміз  көркейе  берсін.

РКС: Ауданда тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту үшін бірнеше жоба қолға алынған. Қазіргі таңда артезиандық скважиналар пайдалануға берілуге дайын. Новокиенка ауылында орталықтандырылған сумен жабдықтау техникаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Перекатное және аудан орталығында жер асты көздерінен алынатын сумен қамту жүйесіне  күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ӘСЕЛ ЖАҢАБЕРГЕНОВА, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН  ТАЛАПТАРЫ  ЕКІ  АПТАҒА  КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 16 қазан 2020
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЕКІ АПТАҒА КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...